Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс). Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс) | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.6.2.2 Құрастырмалы сызбаны орындау және безендіру ережелерін білу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Бұйымдардың құрастырмалы сызбалары туралы жалпы мағлұматтарды білу2. Құрастырмалы сызбалардың оқу тәртібін түсіну | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Құрастыру сызбаның шарттылықтары мен ықшамдауларын және орындау ережелерін біледі және түсінеді. Белгілі бір дәйектілікке сүйене отырып, құрастыру бірлігінің сызбаларын оқи алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Құрастыру бірлігінің сызбаларын оқуда жаңа сөздер мен терминдерді қолдана отырып өз идеяларын ұсынады. Глоссарий: Құрастыру бірлігі, сипаттізім, негізгі жазу, көріністер, тіліктер, қималар, рет, шығару-сызық, материал. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өзгелердің көзқарасын, пікірлерін және мәдениетін сыйлау мен бағалай білу қабілеті. Мәдениеттер мен көзқарастардың әртүрлілігіне құрмет. Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты құру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Құрастыру бірлігінің құрылысын зерттеу барысында физика пәнаралық байланысы жүзеге асады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Әртүрлі зерттеулер үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану | ||||||||||||
Бастапқы білім | «Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер» тақырыбы бойынша білімдері, машықтанулары мен дағдылары. | ||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Құрастырмалы сызбаны оқуда білім мен түсінігін көрсетеді. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Ой шақыру: Бұйымның жиналуын талқылау үшін оқушыларға қарапайым құрастырмалы сызба ұсыныңыз. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге құрастырыңыз. - Сызбада не көріп тұрсыздар?- Сызбада қанша кескіндер бар?- Олар қалай аталады?- Бұйымда қанша бөлшек бар? | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 1-сабақ | Тақырыпты түсіндіру:Бұйымның құрастыру сызбалары туралы жалпы мағлұмат. Оқушылармен жұдырықшалы механизмінің құрастыру сызбасын қарастырыңыз.Келесі сұрақтарды талқылаңыз:1. Құрастыру сызбалардың орналастыру көріністерінің ережелері. 2. Құрастыру сызбалардағы тілік пен қималарды орындау. 3. Өлшемдерін салу.4. Сипаттізім.5. Бөлшектердің тіркеу ретін белгілеу, шығару-сызықтар. Құрастыру сызбалардағы тіліктер. Талқылауға арналған сұрақтар: • Көршілес бөлшектерді сызықтау. •Үш немесе одан да көп жанасатын бөлшектерді сызықтау. • Қималардың тар аудандары. • Әдетте тілінбеген түрде көрсетілетін бөлшектер.
Құрастыру сызбалардағы өлшемдер. Талқылауға арналған сұрақтар: • Габариттік өлшемдері • Нұсқауыш өлшемдері • Біріктіргіш өлшемдері Тапсырма: 232 суреттегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Бұйымның атауы қандай? 2) Сызбадағы кескіндерді атаңыз. 3) 2 санды бөлшек қалай аталады? 4) 9 санды бөлшектің пішіні мен өлшемдері қандай? 5) Бұйым құрамына қанша тетікбөлшек кіреді? Бағалау критерийлері: 1. Құрастырмалы сызбаны дұрыс оқиды. 2. Құрастырмалы сызбада көріністердің орналасуын біледі. 3. Құрастырмалы сызбада тіліктердіі қалай орындау керектігін біледі. 4. Өлшемді қалай қоюды біледі. 5. Сипаттізімің не екенін біледі. | http://rx-fly.ru/architecture/drawing/43-obschie-svedeniya-o-sborochnyh-chertezhah-izdeliy.html http://rx-fly.ru/architecture/drawing/43-obschie-svedeniya-o-sborochnyh-chertezhah-izdeliy.html Құрастырмалы бірлігінің әртүрлі сызбалары, сабаққа презентация, сызу пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және оқулықтар, сызба құралдары, пішім А3 | |||||||||||
2-сабақ | Құрастыру сызбаларды оқу реті. Оқушылармен бірге құрастыру сызбаларының оқу ретін оқып, үйреніңіз. Оқудың бірізділігін қарастыру сұрақтары: 1. Негізгі жазудағы бұйымның атауы. 2. Көріністерді, тіліктерді және қималарды анықтау. 3. Сипаттізімге сәйкес әрбір бөлшекті табу және оны талдау. 4. Әрбір бөлшекті бір-бірімен біріктіру жолдарын анықтау. 5. Басқа деректерді табу. Тапсырма: Келесі сұрақтарға жауап беріп «Reismus» құрастыру бірлігінің сызбасын оқыңыз: 1. Бұйымның атауы қандай? 2. Сызбада қандай кескіндер көрсетілген? 3. Бұйым қанша бөліктен тұрады? 1, 2, 6 бөлшектері қалай аталады? Олардың пішіні қандай? 4. Қай бөлшектер және олар өзара қалай біріктірілген? 3, 4, 5 және 6 бөлшектерімен қатар 1, 2 бөлшектерінің біріктіру ерекшеліктерін көрсетіңіз. Каретка және өзек қалай біріктірілген? 5. 7 санды бөлшекте қандай бұрама жасалынған? (А.Д. Ботвинников, В.Н. Виноградов, И.С. Вышнепольский) Бағалау критерийлері: 1. Құрастыру сызбаларының оқу ретін біледі. 2. Сызбадағы бұйымның бөлшектерін табады және дұрыс атайды. 3. Бөлшектердің пішінін талдайды. 4. Бөлшектердің біріктіру тәсілдерін анықтайды. | ||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?