Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
Ой шақыру:
- Бұйымдар қалай деп аталады?
- Олар не мақсатта қолданылады?
- Олар қалай бөлшектерді өзара байланыстырады, мысалдар келтіріңдер?
Тақырып: Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.
Сабақ мақсаты:
1.Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер туралы жалпы мағлұматын білу
2. Бұрандаларды кескіндеуді және белгілеуді оқып білу.
3.Бұрандамалы біріктірудің бейнесінің тәсілін оқып білу
Жетістік критерийлері:
Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулердің қандай болатындарын біледі
Бұрандамалы біріктірулердің және бұрандаларды кескіндеу тәсілін біледі
Оқу мақсаты:
11.6.2.1
Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу
Бөлшектердің біріктірулері ажырайтын және ажырамайтын болып табылады.
Ажырайтын біріктірулерге бөлшектерін және бекітетін элементтерін бұзбай бөлшектеуге болатын біріктірулер жатады.
Ажырамайтын біріктірулерді бөлшектерін бұзбай бөлшектеуге болмайды
Бұрамасұқпадағы және тесіктегі бұрандалардың белгіленуін және кескіндеуін оқып біліңіз
Бұрамасұқпадағы бұрандалардың белгіленуі
Тесіктегі бұрандалардың белгіленуі
Тәжірибелік жұмыс:
Кестені және берілген суретті пайдалана отырып, алты жақты басымен бұрандаманың нобайын орындаңыз және өлшемдерін көрсетіңіз: бұранда диаметрі d 20 мм, өзектін ұзындығы l -100 мм, кесілген бөлігінің l0 ұзындығы 46 мм, фаска биіктігі 2,5 мм.Басы алты жақты бұрандамалардың негізгі өлшемдері (мм)
Бағалау критерийлері:
1. Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындалды
2. Сызықтың түрлерін сақтайды
3. Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды
Бейненің құрамын және тетікбөлшектерді біріктіру жолдарын талдаңыз:
1) 1, 2 - біріктірілетін тетікбөлшектер
3) Тетікбөлшек - Бұрандама
4) Тетікбөлшек - сомын
5) Тетікбөлшек - тығырық
Бұрандамалы біріктірудін кескінің кезеңдерін оқып біл. 217 сурет
A) Жеке тетікбөлшектердің кескіні
Б) Бұрандама тесіктін ішінде
В) Бұрандама тығырықпен және сомынмен тесіктін ішінде
Г) Бұрандамалы біріктірудін аяқталған сызбасы
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. 1, 3 және 5- тетікбөлшек қалай аталады?
2. Үстіңгі көріністегі үлкен шеңбер ненің кескіні болып табылады(Cурет 217, г)?
3. Үстіңгі көріністе көрсетілген алтыбұрышты тетікбөлшек нөмірін атаңыз (Cурет 217, г)
Тәжірибелік жұмыс:
217-суреттегі мысалда келтірілген Бұрандамалы біріктірудін сызбасын орындаңыз. Бұранда диаметрі d 10 мм. Қосылған бөліктердің әрқайсысының қалыңдығы 15 мм. Бұрандама өзегінің ұзындығы l 45 мм.
Бағалау критерийлері:1. Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындалды
2. Сызықтың түрлерін сақтайды
3. Тіліктегі сызықтауды дұрыс орындайды
4. Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?