Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер (Тақырыптың жалғасы). Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер (Тақырыптың жалғасы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.2.1

Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу

 Сабақ мақсаттары

1. Бұрамасұқпа біріктірулерінің кескіндеу тәсілдерін оқып білу

2. Шпондық біріктірулерінің және штифтік біріктірулерінің кескіндеу тәсілдерін оқып білу

Жетістік критерийлері

Бұрамасұқпа, шпондық, және штифтік біріктірулердің кескіндеу тәсілдерін біледі

Бұрамасұқпа, шпондық, және штифтік біріктірулердің сызбаларын дұрыс орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Бұрамасұқпа, шпондық, және штифтік біріктірулердің кескіндеу тәсілін оқығанда өздерінің идеяларын көрсете алу үшін жаңа сөздер мен терминдерді қолдану.

Глоссарий: шпонка, штифт, бөлшек, цилиндр, призма, конус, білік, төлке.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзгелердің көзқарасын, пікірлерін және мәдениетін бағалай білу қабілеті.

Тиісті шешімдер қабылдау және қоғам өміріне міндетті түрде қатысу үшін шығармашылық және сыни ойлау.

 Пәнаралық байланыстар

Кескінделетін тетікбөлшектердін өлшемдерін формула арқылы анықтаған кездегі математикамен пәнаралық байланыс

 АКТ қолдану дағдылары

Әртүрлі зерттеулер үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану.

Бастапқы білім

Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулердің жалпы мағлұматы

Күтілетін нәтиже

Бұрамасұқпалы және шпондық біріктірулердің сызбаларын орындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Өтілген материалды пысықтау:

- Құрастыру сызбаларын жасап жатқанда бекіту тетікбөлшектердін өлшемдерін қалай анықтайсыз?

- Қандай ауқымға байланысты бұрандамалы біріктірудін салыстырмалы өлшемдерін анықтайды?

- «Бұрандама M16 x 70» және «Сомын M20» белгілерін ажыратыңыз.

1 сабақ

2 сабақ

Тақырыпты түсіндіру:

Оқушылармен бірге қарастырыңыз: Бұрамасұқпалы біріктіру кескіні.

Кескіннің құрамын және тетікбөлшектерді біріктіру тәсілін талдаңыз:

1) Бөлшек 1, 2 -біріктірілетін бөлшектер

3) Бөлшек 3 - тығырық

4) Бөлшек 4 - сомын

5) Бөлшек 5 - бұрамасұқпа

Оқушылармен бірге бұрамасұқпа біріктірулерінің кескінделуін кезең-кезеңімен қарастырыңыз. 218 сурет.

218 сурет.

Кезеңдері:

A) Бұрандаға арналған тесіктін кескіні, оның бұрғы

Б) Бұрандалы тесік, үстінде метчик

B) Бұрамасұқпа тесіктін үстінде

Г) Бұрамасұқпа тесікке бұралған, ал үстіңгі жақта біріктірілген тетікбөлшек

Д), E) Құрастыру алдында тығырығы мен сомыны бар бұрамасұқпаның кескіндемесі

Ж) Бұрамасұқпалы біріктіру сызбасы

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. 2,3 және 5-ші тетікбөлшектер қалай деп аталады?

2. Біріктіруде қанша тетікбөлшек бар?

3. Бұрандалы тесіктегі тілікте сызықтауды қай сызыққа дейін жургізеді?

№17 графикалық жұмыс.

Бұрандалы біріктірулер сызбалары

(AD Botvinnikov, VN Vinogradov, IS Vyshnepolsky)

Бағалау критерийлері:

1. Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындалды

2. Сызықтың түрлерін сақтайды

3. Тіліктегі сызықтауды дұрыс орындайды

4. Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды

Оқушылармен қарастырыңыз: Шпондык біріктіру кескіндемесі және 4- Кесте.

          

Кескіннің құрамын және тетікбөлшектерді біріктіру тәсілін талдаңыз:

1) Бөлшек 1 - білік

3) Бөлшек 2 - төлке

3) Бөлшек 3 - шпонка

Кесте 4. Призмалық шпонкалар (мм)

 

(AD Botvinnikov, VN Vinogradov, IS Vyshnepolsky)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Шпондық біріктірулердің тетікбөлшектері өзара қалай байланысады?

- 4-кестені қолданып, білік диаметрі 42 мм болса, шпонка және ойық призмалық шпонканың біріктірулерінде қандай мөлшерде екенін жазыңыз.

- 12 x 8 x 60 Шпонка жазбасы нені білдіреді?

Оқушылармен бірге қарастырыңыз: Штифттік біріктірудің кескіндемесі.

 

Сұрақтарға жауап беріңіңз:

1. Қанша тетікбөлшектер біріктіруге кіреді?

2. 3 және 4 тетікбөлшектер неге сызықталмаған?

3. 3 тетікбөлшектін мөлшері қандай болады, егер ол осылай белгіленсе «Шпонка 14х9х35»?

Бағалау критерийлері:

1. Шпондық және бұрамасұқпалы біріктірулер өзарада қалай біріктірілетінін біледі

2. Шпондық және бұрамасұқпалы біріктірулер қалай кескінделетінін біледі.

3. Шпондық және бұрамасұқпалы біріктірулердін шарттылық белгілерін қалай оқуға болатының біледі және түсінеді.

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/41-chertezhi-boltovyh-i-shpilechnyh-soedineniy.html

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/42-chertezhi-shponochnyh-i-shtiftovyh-soedineniy.html

Құрастырмалы бірлігінің әртүрлі сызбалары, сабаққа презентация, сызу пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және оқулықтар.

http://uroki-sovy.3dn.ru/load/onlajn_uchebniki_po_chercheniju/7_8_klass/chertezhi_shponochnykh_i_shtiftovykh_soedinenij/20-1-0-414

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар:

- нені үйрендім нені білдім?

- не түсініксіз болды?

- немен жұмыс істеу керекпін?

Мүмкіндігінше оқушылар белгілі бір критерийлер бойынша өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу