Стандарттау. Бұйым, бөлшектер және олардың элементтері. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Стандарттау. Бұйым, бөлшектер және олардың элементтері. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.6.1.1 Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы жалпы түсінікті білу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Стандартталған бұйымдардың жалпы оқыту мағлұматтарын өзара алмасушылық, жиынтық бірлігін білу. | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Стандартталған бұйымдардың жиынтық бірлігін қолдануын біледі және түсінеді | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Стандартталған бұйымдарың жалпы мағлұматтары туралы оқығанда, өздерінің идеяларын көрсете алу үшін жаңа сөздер мен терминдерді қолдану. Глоссарий: стандарт, бұйым, тағайындалуы, құрастыру, бірлік, бекітпе, сызба, схема, өзара алмасушылық. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Мәдениеттер мен пікірдің әртүрлілігіне құрмет Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты құру Шығармашылық және сыни ойлау дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне қатысу; | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бөлшектердің өлшемдерін салыстыру және біріктірілетін материалдардың қасиеттерін анықтау кезіндегі физика және математикамен пәнаралық байланыс. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Әртүрлі зерттеулер үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану | ||||||||||||
Бастапқы білім | Күнделікті өмірде кездесетін стандартталған бұйымдар туралы бастапқы білім және мағлұмат | ||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Оқу барысында стандарттауды және құрастыру бірліктерінің бөлшектерінің өзара алмасушылығын түсінеді және білімін көрсетеді. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы - 5 мин | Ой шақыру: Оқушыларға құрастыру бірлігінің кескінін және әртүрлі бекіту жабдығын қарастыру үшін ұсыныңыз.
Оқушылар мұғаліммен бірге суреттерді талқылайды және сабақтың мақсаттарын қалыптастырады. Сұрақтар: - Мына бейнеде сіз не көріп отырсыз, олар қалай аталады? - Олар не мақсатта қолданылады? - Бөліктер бір-бірін алмастыра алады ма? | ||||||||||||
Сабақтың ортасы - 10 мин 20 мин.
| Тақырыптың түсіндірмесі: Құрастырмалы сызбасына анықтама беріңіз: Құрастырмалы сызба – құрастыру бірліктің кескінін және оны құрастыру (дайындау) және бақылау үшін қажетті басқа да мәліметтері бар құжат. Өндірісте әртүрлі жобаларды жүзеге асыру кезінде құрастыру сызбаларды қолданады. Олар кез-келген бұйымдарды жинаудың негізгі деректерін қамтиды.
Типтік бііктірулердің қандай болатындарын талқылаңыз: Әртүрлі механизмдерде бірнеше рет кездесетін біріктірулер типтік деп аталады. Бізді қоршап тұрған күнделікті өмірдің заттары әр түрлі құрамдас бөліктерге ие. Кейбір бұйымдардың бөлшектері мен компоненттері жылжымалы түрде қосылады, ал басқаларында олар қозғалыссыз. Стандартты бұйымдардың өзара алмасуын талқылаңыз: Типтік, біріктіретін бұйымдардың өлшемдері қатаң стандартталған. Сондықтан, мұндай біріктірулерді пайдалану әртүрлі құрылғыларды, машиналарды, аппараттарды жасау мен жобалауды айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы: бұрандамалар, бұрамасұқпалар, бұрамалар, және т.б. Сондай-ақ, бұл бекіткіштер өзара ауыстырылады. 1-тапсырма: (Т) «Сиппаттізім», «өзара алмасушылық», «сәйкестендіру» түсініктеріне өздігінен тұжырымдама жасау, бұйымдар, тетіктер және құрастырмалы бірліктердің өзара алмасушылығына мысалдар келтіріп, айтуды ұсыныңыз. Мысалы, жиһаз, киім, ойыншықтар және т.б. 2-тапсырма: Осы құрастырмалы бірлік қандай бөліктерден жиналғанын атаңыз, дайын үлгілердегі сипаттізімді толтырыңыз. Бағалау критерийлері: 1. Стандарттаудың не екенін біледі 2. Типтік біріктірулер қандай болатындарын біледі 3. Өзара алмасу мысалдарын келтіре алады. | Құрастырмалы бірлігінің әртүрлі сызбалары, сабаққа презентация, сызу пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және оқулықтар. | |||||||||||
Сабақтың соңы - 5 мин. | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?