Заттың формасының түрленуі. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Сабақ жоспары «Графика және жобалау» САБАҚ 3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Заттың формасын түрлендіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттың формасының түрленуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.2.1

Кеңістіктегі бұйымның проекциялау жазықтығына қатынасын білгенін және түсінгенін көрсетеді

10.5.2.2

Кеңістіктегі нысанның немесе бөліктерінің орның ауыстырып, сызбасын орындау

 Сабақ мақсаттары

  • кеңістіктегі бұйымның проекциялау жазықтығына қатынасын көрсету
  • кеңістіктегі нысанның немесе бөліктерінің орның ауыстырып, сызбасын орындауды үйрету;
  • заттың формасын талдап, оның формасының қалыптасу әдістерін анықтауды үйрету;
  • оқушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

 Бағалау критерийлері

  • кеңістіктегі бұйымның проекциялау жазықтығына қатынасын білгенін және түсінгенін көрсетеді;
  • кеңістіктегі нысанның немесе бөліктерінің орның ауыстырып, сызбасын орындайды;
  • бөлшектің формасын талдайды және оның қалыптасу тәсілдерін біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Форманы түрлендіру; Құрамдастыру; Кеңістіктегі орны;

Қайтақұру; Кеңістіктегі өзара байланыс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Заттың формасын түрлендіру үшін...
  • алып тастау жолдары арқылы форманы өзгерту үшін...
  • Осы тетіктің бөлшегін ауыстыруды ... ұсынамын.
  • Берілген форманы түрлендіру ... мүмкіндік береді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • еңбек және шығармашылық;
  • оқушылар арасында бір біріне сыйластық;
  • оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты құру.

 Пәнаралық байланыстар

Дизайн, сызба, математика, геометрия, физика

 АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты іздеу, іріктеу, салыстыру бойынша оқушылардың өзіндік жұмыс және интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Тілік пен қима

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

-көзге жаттығу жасау

- оқушылардың сабаққ дайындығын, сабақ тақырыбы мен сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

(МК) Тәжірбиелік жұмыс ты орындау үшін «Тілік және қима» және «Аксонометриялық проекция» тақырыптарды қайталау

Таныстырылым көрсету «Тілік және қиманы орындау жайлы жалпы мәлімет»

Сабақтың ортасы

30 мин

(Ө/Қ) Тәжірбиелік жұмыс2

Берілген детальды кеңістікте ойша вертикальды орналастырып, жаңа орналасуы бойынша заттың үш көрнісі мен аксонометриялық проекциясын, қажетті тіліктің орындаңыз.

Дескрипторлар:

  • заттың пішінін талдайды;
  • берілген детальды кеңістікте ойша вертикальды орналастырады;
  • көрініс түрлерін анықтайды;
  • сызбада заттың кеңістікте жаңа орналасу жайын ескере отырып, көріністерін орындайды;
  • сызбада қажетті көріністерін және аксонометриялық проекциясын (изометрия) сызып, қажетті тіліктер орындайды;
  • сызбаны безендіру ережесін сақтайды;
  • көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру әдістерін біледі;
  • сызбада өлшемдерді дұрыс белгілейді;
  • негізгі жазба, масштабты, сызық түрлерін дұрыс қолданады;
  • сызбаны орындауда тазалықты, ұқыптылықты сақтайды;

Тәжірбиелік жұмыс №2 тапсырмасы бар таратпа қағаздары

Пайданылған әдебиеттер:

Методическое пособие по черчению к учебнику А.Д.Ботвинникова и др. Астрель Москва 2003;

М.М. Хасенов Черчение дополнительные материалы

Алматы «Мектеп» 2005.

Сабақтың соңы

5 мин

  Сабақ соңында тәжірбиелік жұмыстың сызбаларын тексеріп, талқылап, оқушылар өздерінің қателіктерін жояды

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Оқушылар таңдаған орындалу әдістермен жұмыс орындау бойынша саралау іріктеледі. Жұмыс барысында көрсететін дағдылар арқылы саралау жүргізіледі.

тәжірбиелік жұмыстың орындалу нәтижелері негізінде бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу