Кескіндерді қайта құру (реконструкция). :рафика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.


Сабақ жоспары «Графика және жобалау» САБАҚ 4

Ұзақ мерзімді

жоспар бөлімі:

Көріністердің құрамын

түрлендіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кескіндерді қайта құру (реконструкция).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.1

Ішінара кескіндері арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасау

 Сабақ мақсаттары

  • кескіндерді қайта құру (реконструкция) тәсілдерімен таныстыру;
  • ішінара кескіндері арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасауды үйрету;

 Бағалау критерийлері

  • кескіндерді қайта құру (реконструкция) тәсілдерін біледі;
  • ішінара кескіндері арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасайды;
  • берілген өлшемдер, көріністің бір бөлігі және т.б. негізінде заттың формасын жаңадан орындайды;
  • көріністің бір бөлігі немесе үзілген контур негізінде заттың формасын жаңадан орындайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бейнесі, нысан, сөздік сипаттау, қайта жаңарту

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Тәсілдерін қолдана отырып, мен бейнені қайта жаңарту арқылы....
  • Мен сызбаны ауызша сипаттау арқылы...
  • Мен сызбаны ішінара кескіндері арқылы...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • еңбек және шығармашылық;
  • оқушылар арасында бір біріне сыйластық;
  • оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты құру.

 Пәнаралық байланыстар

Дизайн, сызба, математика, геометрия, физика

 АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты іздеу, іріктеу, салыстыру бойынша оқушылардың өзіндік жұмыс және интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Тілік пен қима. Көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру;

-көзге жаттығу;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, тақырыбын анықтау

-оқушыларға «зақымдалған» сызбаларды, яғни жыртылған, тушь құйылған және т.б. Осы сызбалардағы ақпаратты қалай қалпына келтіруге болады? деген сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын «Кескіндерді қайта құру (реконструкция)» ашуға болады

Көрнекілік құралдар: «зақымдалған» сызбаларды, яғни жыртылған, тушь құйылған, аяқталмаған сызбалар

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

10 мин

10 мин

(МК) Мұғалім: Қайта құру (реконструкция)- бейнені оның бөлігі немесе бөліктері арқылы қалпына келтіру. Мысалы, «зақымдалған» сызбаны қайтадан қалпына келтіру (сурет 1, а). Бұл жағдайда бейненің қалған бөліктері (екі көрініс) негізінде толық қалпына келтіру және сызбаны жаңадан орындау қажет (сурет 1, б).

(Ұ) Оқушыларды көрнекілік арқылы кескіндерді қайта құру (реконструкция) әдіс және тәсілдермен таныстыру.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қайта құру (реконструкция) деген нені білдіреді?
  • Қайта құру (реконструкция) не үшін қажет?

(Ұ/Т) Сыныпты топтарға біріктіріп, Қайта құруға (реконструкция) арналған тапсырмалар орындау. Әр топқа барлық төрт тапсырманы немесе әр топға жеке бір тапсырма беруге болады.

Тапсырма 1 Сызбада сол жақ көрінісі толық орындалмаған (сурет 2). Сызбаны орындап, қажетті сызықтар арқылы сол жақ көрінісі толықтырыңыз. Бұл сызықтар бөлшектің қандай элементтерін көрсетеді?

Тапсырма 2 Сыбада берілген заттың көріністерін сызықтармен толықтырыңыз. Берілген өлшемдер, көрініс бөлігі, симметрия және т.б. негізінде заттың формасын жаңадан орындау (сурет 3).

Тапсырма 3 Сызбаны қайта құрыңыз (сурет 4)

Тапсырма 4 Сызбаға кездейсоқ тушь құйылған. Қалған өлшем бірліктер, көріністің бір бөлігі арқылы қалпына келтіру қажет (сурет 5 )

(Қ) Оқушылардың жұмысын тексеріп, талқылау.

Әр топқа өз шешімдерін сынып алдында таныстыруға мүмкіндік беру. Оқушыларға орындалған сыбаларды талқылауға ұсыну.

Методическое пособие по черчению:к учебнику А.Д.Ботвинникова и др. Астрель Москва 2003;

В.А.Гервер «Творчество на уроках черчения» Москва изд. Владос 1998

Тапсырмалар

Сурет 2

Сурет 3

Сурет 4

Сурет 5

Өзарабағалау (белгі беру қағаздары, үлкен саусақ, комментарийлер арқылы бағалау)

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар техника, көркемдік тілді таңдау жұмыс кезеңдері бойынша және әр оқушының шығармашылық қабілеттері негізінде саралау іріктеледі

Әр топтың таныстырылымына сұраққа жауап беруіне қарай және қалыптастырылған критерийлер, өзара бағалау негізінде бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу