Сызбаға өлшемдерді түсіру. Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Бөлім:2 Заттың (геометриялық денелердің) сызбаларын оқу және орындауСабақ тақырыбы:
Сызбаға өлшемдерді түсіру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.2.3.1. Бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескере отырып, сызбаға өлшемдерді қоюды білу және қолдана алуларын көрсету
Сабақ мақсаттары:
Бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескере отырып, сызбаға өлшемдерді қоюды білу және қолдана алуларын көрсетуге дағдылау
Жетістік критерийлері:
Бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескереді; сызбаға өлшемдерді қоюды біледі және қолданады;
Тілдік мақсаттар:
Құндылықтарды дарыту
Сызбаларды өлшеп, сызу, бұйым дайындауға дағдылау арқылы болашақта жасалатын заттың өз өмірінде маңызды рөлін түсіндіру
Пәнаралық байланыстар
Сызу, геометрия, физика;
АКТ қолдану дағдылары:
Интербелсенді тақта, ноутбук;
Сабақ жоспары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
Сабақтың басы 5 мин: Сабақ басында:
Оқушылармен жұмыс/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ оқу мақсаттарына көз жүгірту.
Керекті материалдар тізімімен таныстыру, тарату.
Сабақтың ортасы 30 минут: (Ұ) Қарапайым заттың тік бұрышты және аксонометриялық проекцияда орындалған, өлшемдері берілмеген мысалды қарастыру.
Өлшемдерді түсірудің ерекшеліктерін қайталау.
Сыныппен талқылау:
Сызбада өлшемдер қалай қойылады?
Көріністен кейін қандай қашықтықта бірінші өлшем қойылады? Екінші және одан кейінгі өлшемдер ше?
Бұрыштық және сызықтық өлшемдердің айырмашылығы қандай?
Сызбадағы заттарға қойылған өлшемдер масштабына сәйкес байланысты болама?
Үлкейту және кішірейту масштабы қандай жағдайда қолданылады?
Сызбадағы тікбұрышты проекцияға өздігімен өлшемдерді түсіріңіз.
Сарамандық жұмыс:
Ресурстар:
Өлшемдер түсіру ережелері.
http://cadinstructor.org/eg/lectures/3-nanesenie-razmerov/
Сызбаға өлшемдер түсіру ережелері. http://www.myshared.ru/slide/706029/
Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.
Жәй қаламдар жиынтығы.
Сабақтың соңы 5 минут:
Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Нені білдім, нені үйрендім;
Нені толық түсінбедім;
Жұмысты немен жалғастыру қажет;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды