Нобай және техникалық сурет. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 5 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Нобай және техникалық сурет | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.2.3 Нобай мен техникалық сурет ерекшеліктерін анықтау және білу | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология: Машина құрастыру кезінде жаңа тетіктің сызбасын сызу. Техникалық сурет-технический рисунок–technicaldrawing, Нобай – эскиз-sketch. Шатировка-chasing. Шраффировка-scraping. Нүктелік көлеңкелеу-точечное оттенение-dottedcast. Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау. Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру. Эстетикалық талғамдарын дамыту. Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, геометрия, информатика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады. | |||||||||
Бастапқы білім | •Бұл бөлімде кескіндердің негізгі түрлерін сызады, түсінеді, оны құрастыра біледі. •Сызбаны орындауда аксонометриялық проекцияның ережелерін біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
5 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсаты: Жылылық сыйлау,сенімділігін арттыру. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақта не білгіңіз, не көргіңіз келеді?»- сұрақты оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бір-бірінің қолын ұстап, тренинг шеңбер бойымен жалғасады.
1,2,3,4 санау арқылы 4 топқа бірігу. «Қажеттілік тудыру» әдісін қолданып оқушыларды ынталандырамын. Алдыңғы білімге шолу жасаймын. -Сіздерге қандай аксонометриялық проекциялар белгілі? -Олардың айырмашылығы неде? -Аксонометрияны салу кезінде осьтерді қандай бұрыштар жасап орналасады? | «Иық трескен шеңбер» тренингі Сұрақ - жауап | ||||||||
Сабақтың ортасы
20 мин. 10 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Нобай- машинаның конструкциясын жасау кезінде қажет болады. Техникалық сурет және нобай кез-келген машина құрастыру немесе өндірістік тетік бөлшектердің сызбаларын сызуда қолданылады. Кескіндердің бұлай орындалуы техникалық сурет деп аталады. Кез келген нәрсенің көрнекі кескінін,сызу аспаптарынсыз (қолмен) тор көзді қағазда орындау ыңғайлы. Бірақ өлшемдердің пропорционал қатынастарды сақтай отырып және аксонометриялық проекцияның ережелері бойынша орындалады. Техникалық суретте көлеңке түсіру арқылы айқындалады. Көлеңке түсіру шатировка, шраффировка және нүктелік көлеңкелеу тәсілдерімен жүзеге асады. Техникалық суреттерді салу-қол жаттықтыру жұмысына жатады. Аспапсыз қолмен кесінділер, түзу бұрыштар сызып дағдылану керек. Әдетте техникалық сурет тік бұрышты изометрия, фронталь және центрлік проекцияда орындалады. Түзулерді салу кәдімгі жұмсақ қарандашпен орындалады. Ол үшін түзулерді, горизонталь сызыққа 30 және 45 бұрыш жасайтын сызықтарды жылдам сызып үйрену қажет. Мұндай сызықтар изометриялық және фронталь проекцияларда кездеседі. Аспаптарсыз бұрыштық өлшемдерін, параллель түзулерді салу суреттерде көрсетілген. Осыларды жаттығып үйренсе, кез келген техникалық суреттерді сала алады. Тапсырма. Өздері таңдап алған геометриялық денелердің техникалық суреттерін орындау. Техникалық суретті тік бұрышты изометрия, фронталь және центрлік проекцияда орындау керек. Тапсырманы бағалау критерийлері:
| https://www.youtube.com/watch?v=EcJxJl_lNRo Бөлшектің нобайы мен техникалық суреті. | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Рефлексия: «Талқылаудағы әріптестер» Серіктеспен талқылау: Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған. Топтық жұмыс қарастырылған. Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді. | Бақылау, Кері байланыс Бағалау критерийлері Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?