Нобай және техникалық сурет. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 7 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нобай және техникалық сурет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.2.3

Нобай мен техникалық сурет ерекшеліктерін анықтау және білу

 Сабақ мақсаттары

  • Қарапайым орындықтың техникалық суреттерін ұқыпты орындау;
  • Нобай мен техникалық суреттің қолдану салаларын білу;
  • Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін, техникалық суреттерін орындайды, дәлелдейді.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Қарапайым орындықтың техникалық суреттерін орындауда ерекшеліктерін сызықтар немесе нүктелер арқылы көрсетеді.
  • Нобай мен техникалық суреттердің қай салада қолдануын біледі;
  • Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Машина құрастыру кезінде жаңа тетіктің сызбасын сызу. Техникалық сурет-технический рисунок–technicaldrawing,

Нобай – эскиз-sketch.

Шатировка-chasing.

Шраффировка-scraping.

Нүктелік көлеңкелеу-точечное оттенение-dottedcast.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Техникалық сурет не үшін орындалады?
  • Техникалық суреттің аксонометриялық проекциядан айырмашылығы неде?
  • Нобай қандай ретпен орындалады?

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, геометрия, информатика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану.

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Бұл бөлімде кескіндердің негізгі түрлерін сызады, түсінеді, оны құрастыра біледі.

 Сызбаны орындауда аксонометриялық проекцияның ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Комплименттер бұрқасыны»

Мақсаты: Жылылық сыйлау,сенімділігін арттыру.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады.

Оқушылар қасында отырған немесе қарама- қарсы отырған сыныптастарына комплимент айтады. Оқушылар бір- бірінің жақсы қасиеттерін айтатын болады.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 мин.

25 мин

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Нобай дегеніміз не?
  • Нобайды қандай салада және қандай мақсатта орындайды?
  • Техникалық сурет дегеніміз не?
  • Техникалық суреттің нобайдан ерекшелігі неде?

Оқушылар өткен сабақта геометриялық денелердің техникалық суретін орындаған болатын. Бүгінгі сабақта алдыңғы білімдерін қолдана отырып, қарапайым орындықтардың техникалық суреттерін және нобайларын орындайтын болады.

Тапсырма.

Қарапайым орындықтардың техникалық суретін орындау.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Қарапайым орындықтың техникалық суреттерін орындауда ерекшеліктерін сызықтар немесе нүктелер арқылы көрсетеді.
  • Нобай мен техникалық суреттердің қай салада қолдануын біледі;
  • Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.

https://www.youtube.com/watch?v=-Wt-99KS4-I

Техникалық сурет

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу