Екі және үш проекция жазықтығына тікбұрышты проекциялау. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі және үш проекция жазықтығына тікбұрышты проекциялау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.2

Екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбада қажетті түрлерінің санын олардың орналасуын анықтау және білу

11.7.1.1

Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • Заттың немесе геометриялық дененің сызбаларын орындауға қажетті кескіндерді анықтап, орындау.
  • Тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын ұсынады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Заттың сызбаларын орындауға қажетті кескіндерді анықтайды және орындайды;
  • Тапсырмаларды шешу және орындау үшін тиімді жолдарын ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Геометриялық денелерге қажетті проекциялау жолдарын түсіндіреді, сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

Проекциялау әдіс- тәсілдері, проекциялар, жазық проекциялар, тікбұрыштап проекциялау, түрлері.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

Берілген проекциялау әдісін … салыстыруға болады.

Заттың сызбаларын орындау үшін … көрініс кескіндері қажет.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

физика пәні бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Проекциялаудың қандай түрлерін білесіздер?
  • Проекциялар қандай әдіс арқылы орындауға болады?
  • Проекциялау әдісі не үшін қажет?

Сұрақтар арқылы талқылап болғаннан кейін, оқушыларға бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырамын. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

10 мин

20 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру. :

Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты бірнеше заттардың проекцияларын көрсетіп, талқылау сұрақтарын қоямын.

  • Суретте қандай заттар көріп тұрсыздар?
  • Берілген суреттер арқылы заттарды толығымен көруге болады ма?
  • Бұл көріністі қалай атауға болады?
  • Әрқашанда заттың бір проекциясы (көрінісі) жеткіліктіме?

Оқушыларға тақтадан геометриялық денелердің бір жазықтыққа орындалған проекция сызбаларын көрсетемін:

а) б) в)

Талқылау сұрақтары:

  • «а» суретте қандай геометриялық дененің сызбасы берілген?
  • «б» суретте қандай геометриялық дененің сызбасы берілген?
  • «в» суретте қандай геометриялық дененің сызбасы берілген?
  • Осы 3 суретте қандай жазықтыққа проекцияланған сызба жұмыстары көрсетілген?
  • Заттады бір жазықтыққа проекцияланған сызбалары арқылы анықтауға болады ма?

Оқушыларға тақырыпқа сай бейнебаян көрсетемін.

Оқушыларды топқа бөліп, тәжірбиелік тапсырмалар беремін.

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Оқушыларға геометриялық денелерді зерттеп, олардың көріністерін топта талқылау және қажетті жазықтықтарға орындайды

Дискрипторлар:

  • Геометриялық денелердің сызбаларын топта талдайды;
  • Геометриялық денелерді екі немсе үш жазықтық бетіне сызбаларын орындайды;
  • Орындаған проекцияларын қандай әдіс арқылы орындағаның сипаттайды;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.

Тақырыпты бекітуге арналған графикалық сурет.

Презентация

http://www.myshared.ru/slide/780405/

Үш көрініс презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Mw0ldybYYuo

үш жазықтыққа проекциялау әдісі

А3 пішім, карандаштар, транспортир, сызғыш, өшіргіш және т.б.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу