Екі және үш проекция жазықтығына тікбұрышты проекциялау. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі және үш проекция жазықтығына тікбұрышты проекциялау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.2

Екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбада қажетті түрлерінің санын олардың орналасуын анықтау және білу

11.7.1.1

Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • Заттың немесе геометриялық дененің сызбаларын орындауға қажетті кескіндерді анықтап, орындау.
  • Тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын ұсынады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Заттың сызбаларын орындауға қажетті кескіндерді анықтайды және орындайды;
  • Тапсырмаларды шешу және орындау үшін тиімді жолдарын ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Геометриялық денелерге қажетті проекциялау жолдарын түсіндіреді, сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

Проекциялау әдіс- тәсілдері, проекциялар, жазық проекциялар, тікбұрыштап проекциялау, түрлері.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

Берілген проекциялау әдісін … салыстыруға болады.

Заттың сызбаларын орындау үшін … көрініс кескіндері қажет.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

физика пәні бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Әрқашанда заттың бір проекциясы жеткіліктіме?
  • Проекциялаушы қандай жазықтықты білесіздер?
  • Соның ішінде қай жазықтықтағы көріністі негізгі көрініс болып саналады?

Сұрақтар арқылы талқылап болғаннан кейін, оқушыларға бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырамын. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

5 мин

25 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру. :

Оқушыларға тақырыпқа байланысты бірнеше геомтериялық денелердің үш жазықтыққа проекциялау әдістерін көрсетемін.

Оқушыларға тақтадан геометриялық денелердің үш жазықтыққа проекциялануын көрсетіп түсіндіремін.

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Оқушыларға таратпа материалдардағы геометриялық денелерді зерттеп, олардың көріністерін анықтап және қажетті жазықтықтарға орындауды ұсынамын.

Дискрипторлар:

  • Қарапайым бөлшектердің үшінші көрінісін анықтайды;
  • Қарапайым бөлшектердің үш жазықтық бетіне сызбаларын орындайды;
  • Орындаған проекцияларын қандай әдіс арқылы орындағаның сипаттайды;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.

Презентация

https://zaharovvj.blogspot.com/search?updated-max=2011-04-13T10:06:00-07:00&max-results=7&reverse-paginate=true

Берілген екі көрініс арқылы бөлшектердің ұшінші көрінісін орындау.

А4 пішім, карандаштар, транспортир, сызғыш, өшіргіш және т.б.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу