Проекциялаудың негізгі әдістері. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар | Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Горбачёва Анна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Проекциялаудың негізгі әдістері | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.1 Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | - проециялау не екенін түсіндіре алады; - параллель проекцияда сызбасын орындай алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Берілген проециялау әдісін ... салыстыруға болады. Заттың сызбасын орындау үшін ... қажет. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушыларды мұқияттылыққа құндылықтарды дарыту арқылы тәрбиелеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар біледі:
| ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 2-3 мин | - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға; - оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 5 мин 10 мин 10 мин | Жаңа материалды түсіндіру. Проекция (лат. projectio - алға лақтыру) — бұйымның бетке, көбінесе жазықтыққа белгілі бір әдіспен тұрғызылған кескіні.[1] Алынған сурет объектінің проекциясы деп аталады. (С) Эксперимент. Оқушылар жұпта эксперимент жасайды. Қағаз бетіне көлеңке түсіру үшін шамның (телефонның фонаригін алуға болады) көмегімен, белгілі затқа (кітап, сіріңкенің қорапшасы) жарық сәулесін түсіріңіз. Түскен көлеңкені қарындашпен сызып алыңыз.
Талқылау. Пайда болған заттардың бейнесін және орталық проециялау арқылы жасалған процессті оқушылармен талқылау: - проециялаудың бұл түрі қалай аталады? - орталық проецияны алудың принципін түсіндіріңіз. - проецияланатын суреттің өлшеміне не әсер етеді? - орталық проециялаудың өмірде қолдануынан мысал келтіріңіз (фотосуреттер, кинокадрлар, электр лампаларынан түскен көлеңкелер және т.б. Орталық проекцияны натурадан салғанда қолданады). Жана материалды түсіндіру. Проекциялаудың элементтерін төмендегілерден көруге болады (сурет 1):
Сурет 1. Проециялаудың элементтері Егер затта жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, онда мұндай әдісті орталық проекциялау деп атайды. Сурет 2. а – орталық; 6 – параллель қиғаш бұрыштан; в – параллель тік бұрыштан. Сызуда параллель проекциялауды да қолданады. Параллель проекциялаудың орындалуы орталық проекциялауға қарағанда жеңіл. Проекциялау бағыты проекциялар жазықтығына перпендикуляр болатын параллель проекциялардың жеке түрін тік бұрыштап проекциялау дейді. (рис. 2). Тік бұрыштап проекциялауды ортогональді (грек сөзінен "orthos" – тік и "gonia" – бұрыш) деп те атайды. Практикалық жұмыс. Оқушылар альбомда үшбұрыштың тік бұрышты және қиғаш бұрышты проецияларын орындайды. Дескрипторлар: - альбомда жұмысын орындайды; - сызу құралдарын қолданады (сызғыш, қарындаш); - үшбұрыштың қиғаш бұрышты проекциясын орындайды; - үшбұрыштың тік бұрышты проекциясын орындайды; - альбом парағына сәйкес суреттің өлшемін өздігінен анықтайды. | Альбом, шам (фонарик), қарындаш, өшіргіш және т.б. | |||||||||||
Сабақтың соңы 2-3 мин | Оқушылар өзінің және сыныптастарының жұмыстарын белгілі критерийлер арқылы бағалай алады. | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Скаффолдинг |
| ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?