Проекциялаудың негізгі әдістері. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Проекциялаудың негізгі әдістері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.1

Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну

 Сабақ мақсаттары

  • Проекциялаудың негізгі әдіс- тәсілдерін білу және тәжірбиелік жұмыс орындау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Проекциялаудың негізгі әдіс- тәсілдерін біледі;
  • Алған білімдерін тәжірбиелік тапсырмалар арқылы көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Геометриялық денелерді түрлі әдіс арқылы проекциялау жолдарын түсіндіреді, сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

Проекциялау әдіс- тәсілдері, проекциялар, жазық проекциялар, тікбұрыштап проекциялау, түрлері.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

Берілген проекциялау әдісін … салыстыруға болады.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

физика пәні бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

«Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің...

Ceн мeйірімдіcің...

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Түйіндесулердің қандай түрлері білесіңдер?

Мысал келтіріңдер.

Сұрақтар арқылы талқылап болғаннан кейін, оқушыларға бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырамын. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

10 мин

20 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру. :

Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетемін.

  • Бейне баяннан не байқадыңыздар?
  • Проекциялау әдістерінің неше түрі бар екен?
  • Проекциялау әдісі не үшін қолданамыз?

Проекциялаудың негізгі әдіс- тәсілдері:

  • Фигураның белгілі бір ереже бойынша жазықтыққа түсірілген кескіні проекция деп аталады.

  • Егерзатта жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса,онда мұндай әдісті орталық проекциялау деп атайды.

  • Егер нәрсе кескінің алу өзара параллель проекциялаушы сәулелер қолданылса,онда мұндай әдісті параллель проекциялау деп атайды.
  • Егер өзара параллельпроекциялаулы сәулелер проекция жазықтығына 90°С – қа тең емес кез келген бұрыш жасай түсетін болса, онда мұндай әдіс қиғаш бұрыштан проекциялау деп аталады.

Оқушыларға түрлі геометриялық формадағы заттармен тәжірбиежасап көрулерін ұсынамын. Ол үшін арнайы жарықты алып заттардың әртүрлі ракусынан жарық түсіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осы кезде пайда болған заттардың көлеңкелерін мұқият мән берулерін ұсынамын.

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Кез- келген геометриялық денелердің прекцияларын А4 пішімді қағазға (сызық түрлері, сызба қаріптері, өлшемдерді түсіру ережелерін сақтап) сызба жұмыстарын орындаңыздар.

Дискрипторлар:

  • Проекциялаудың негізгі түрлерін ажыратады;;
  • Геометриялық денелерді тәжірбиелік жұмыс орындауда тиімді қолданады;
  • Алған білімдерін графикалық жұмыстар орындау арқылы көрсетеді.
  • Орындаған проекцияларын қандай әдіс арқылы орындағаның және қай түріне жататының сипаттайды;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=zebmi4zz3yo

орталық проекциялау әдісі

А3 пішім, карандаштар, транспортир, сызғыш, өшіргіш және т.б.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі»

  • 1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;
  • 2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;
  • 3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады , дегенмен келесі жолы …

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу