Проекциялаудың негізгі әдістері. Екі және үш проекция жазықтығына тікбұрышты проекциялау. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

11.2-бөлім: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

02.10-07.10.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Махмутова М. Д.

Сынып

11

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Сабақ тақырыбы

Проекциялаудың негізгі әдістері.

Екі және үш проекция жазықтығына тікбұрышты проекциялау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.1Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну

11.2.1.2Екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбада қажетті түрлерінің санын олардың орналасуын анықтау және білу

11.7.1.1Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

параллель проекциялауды және қасиеттерін біледі.

Оқушылардың көбі:

параллель проекциялаудың теоремасын дәлелдей біледі.

Кейбір оқушылар :

есеп шешуде теоремасы мен дәлелдеуін қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

1. Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну бойынша білімін көрсетеді.

2. Екі немесе үш жазықтыққа проекциялауды және сызбада қажетті түрлерді анықтайды.

3. Қызық есептер шығару барысында ұтымды жолдарды ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Кескіндерді визуалдау мен ақпараттарды беру әр түрлі қызмет (ғылым, өнер және техника) салаларында және адам өміріндегі алатын орны туралы пікірлерін айта алады.

Сызба аспаптары, рейсшина, жабдықтар жиынтығы, лекала, транспортир.

Графика, проекциялау, түйіндесу, визуалдау.

Сызу, өлшеу, белгі қою.

 Құндылықтарды дарыту

Жұмыс және шығармашылық, оқу барысында сызу, дизайн бойынша дағдыларын дамытып, өз идеяларын басқаларға ұсынады. Құрмет және ашықтықты топтық, жұптық жұмыс және оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.

ЖаҺандық азаматтыққа тәрбиелеу

Кескіндерді визуалдау мен ақпараттарды беру әр түрлі қызмет (ғылым, өнер және техника) салаларында және адам өміріндегі алатын орның білу және түсінуін көрсету.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану,ноутбуктер арқылы ғаламтор желісінен ақпарат іздеу.

Түпнұсқалық оқыту

Оқушылар ақпараттарды визуалдаудың құралдары мен әдістерін әлде қайда тереңірек танысып, техникалық құжаттарды әзірлеудегі базалық элементтерін біледі. Оқушылар графикалық құрал- жабдықтармен жұмыс жасай отырып, шығармашылық тапсырмаларды орындау үдерісінде эстетикалық талғамдарын, әр түрлі графикалық әрекеттерін, дағдыларын дамытады. Сызба аспаптарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтайды.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, сызу, бейнелеу пәндері кіріктірілген

Бастапқы білім

Оқушылардың жеке сызба аспаптарымен жұмыс жасау тәжірбиелері бар. Геометрия білімдерінен геометриялық салулар дағдыларын игерген. Оқушылар ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 жұп 5-10мин

20мин

15 мин

Ұйымдастыру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңбері.

Оқушыларға «Проекция»-латын сөзі, ол «алға лақтыру» деген мағынаны білдіреді.

Проекциялаудың төрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, мұндай проекция орталық проекциялау деп аталады.

Орталық проекциялаудың қасиеттері:

-нүктенің проекциясы нүкте болады;

-түзудің проекциясы түзу болады;

-фигуралардың өзара тиесілі проекциялау кезінде бұзылмайды.

1тапсырма: (Ө) Оқушыларға А4 пішіндегі қағазға А- Б кесіндісінің орталық және паралеллді проекциялау арқылы, Р жазықтығында проекциясын табу.

Проекциялау.

https://www.youtube.com/watch?v=hPHqsis7VZ4.

http://cherch.ru/graficheskoe_otobrazhenie/proetsirovanie_na_tri_vzaimno_perpendikulyarnie_ploskosti_proektsii.html

2 жұп

20 мин

10мин

(Ұ.Ө) Практикада жиі қолданылатын орталық проекциялаудың түрінің бірі параллель проекциялау.

Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, параллель проекциялау деп атайды. Параллель проекциялаудың екі түрі бар: қиғашбұрыштап проекциялау және тікбұрыштап проекциялау.

(Т/С) 2тапсырма: оқушылар бөлшектерді зерттеп, олардың көріністерін орындайды және топта талқылайды:

қандай көрініс бөлшек пішіні туралы көп ақпарат бере алады?

Қандай көріністі басты көрініс деп атаймыз?

Сіздердің ойыңызша негізгі көрініс қандай жазықтық проекциясына орындалады?

(Ө) Тәжірибелік жұмыс.

Заттардың көрнекі кескіндердің қажетті көріністерін өз альбомдарыңа орындаңыздар.

Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салынады

Дайын жұмыстарды таныстыру және талдау.

Бірін- бірі бағалау.Кері байланыс беру.

http://kuza.my1.ru/publ/uroki_cherchenija/tema_proecirovanie/proecirovanie_na_odnu_dve_i_tri_vzaimno_perpendikuljarnye_ploskosti_proekcij/5-1-0-9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?

- Жекелеген оқушыларға түсініксіз сұрағын түсіндіру арқылы.

Дағдысы анағұрлым қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

- Күрделенген тапсырмалар беремін.

(ақпаратты қорытындылау/бағалау идеясы)

Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салынады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу