Шеңбердің тең бөліктерге бөлінуі. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары –Графика және жобалау пәні

Бөлім 1:

Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары

Кіші бөлім: Сызбадағы геометриялық тұрғызулар

Тақырыбы: Шеңбердің тең бөліктерге бөлінуі

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатысқан оқушылар саны:

Оқыту мақсаты

 10.1.4.1

Әр түрлі сызу құралдарын пайдаланып,сызбадағы геометриялық құрылымдарды (шеңберді) тең бөліктерге бөлу

 Сабақтың мақсаты

Берілген радиустағы шеңберлерді тең төрт, сегіз, үш, алты, бес бөліктерге бөлу

 Тілдік мақсат

Оқушылар шеңберлерді тең бөліктерге бөлуге байланысты мәселелерді талқылайды.

Сөздердің арнайы терминдері:

 Шеңбер, симметрия осі, диаметр, перпендикуляр,доға,циркуль, транспортир, бұрыштық

Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөздіктер жиынтығы:

Сызғыш пен бұрыштықтың көмегімен ...тұрғыза аламын.

Шеңберді алты бөлікке бөлгенде ... қайталанады .

Тең қабырғалы үшбұрышты ... арқылы тұрғыза аламын

Үшінші бөлік диаметрдің қарама-қарсы жағына орналасады, өйткені ...

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты.

 

Бағалау критерийлері

  • сызу құралдарын дұрыс қолданады;
  • шеңбердің осьтік сызықтарын перпендикуляр дұрыс орналастырады;
  • шеңберді тең төрт, сегіз, үш, алты, бес бөліктерге бөледі;
  • сызба сызықтарын дұрыс бейнелейді (сыртқы контур, ось сызықтары т.б.);
  • сызбаны көркемдей біледі (рамка, негізгі жазу);

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану. Планшеттер мен ноутбуктер көмегімен ғаламтордан шеңберлерді тең бөліктерге бөлу туралы қосымша ақпараттар алу

 Құндылықтарды дарыту

 

  • Логикалық ойлау, бақылау дағдыларын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату
  • Оқушылар бір- бірінің жұмыстарын бағалай біліп, басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,кедергі болмау
  • Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру
  • Тыңғылықтылық және ұқыптылық дағдыларына тәрбиелеу

Алдыңғы білім

Сызба сызықтарының түрлері, шрифттік таңбалар жайлы білімдерін қолдану

Жоспар

Жоспарланған мерзім

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сызу құралдарын даярлау

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сызбалардың дәл және ұқыпты орындалуы үшін, ең алдымен, геометриялық конструкцияларды орындау кезінде белгілі бір білім мен дағдыларды игеру қажет.

Сұрақ: Геометрия сабағынан қандай геометриялық тұрғызуларды білесіңдер?

Жауап: кесіндіні, бұрыштың құрылысы; бұрыштарды тұрғызу, бұрыштың бисектрисасының құрылысы, перпендикуляр түзу сызықтарды салу және т.б.

Бүгін сабақта біз шеңберді тең бөліктерге қалай бөлуді қарастырамыз. Бұйымның көптеген бөліктері шеңбер бойымен айналдыра біркелкі орналастырылған. Сондықтан шеңберді тең бөліктерге бөлу қажеттігі туады.

Интербелсенді тақтадан шеңберді тең бөлікке бөлу қажеттігі туралы презентация арқылы практикадағы мысалдар және тәжірибе үлгілері көрсетіледі.

Дәптер, сызба аспаптары: даярша, циркуль,транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.

Плакаттар, кестелер

Практикалық сабақ

Сабақ соңы

Оқушыларға интербелсенді тақтадан, плакаттардан шеңберлерді сызғыш,бұрыштық, циркуль көмегімен тең бөлікке бөлу үлгілері көрсетіледі

Мұғалім шеңберлерді тақтаға сызып, содан соң оны тең бөлікке бөлу жолдарын практика жүзінде көрсетеді (3, 6, 5 бөлікке бөлу)

Оқушылар А3 пішімінде радиусын 40мм деп алып, бес шеңбер сызады. Шеңберлердің ось сызықтарын өте дәлдікпен перпендикуляр орналастыру керек. Содан кейін шеңберлерді көрсетілген әдістер және көрнекіліктер бойынша тең төрт, сегіз, үш, алты, бес бөліктерге бөлу жұмысын жүргізеді. Жұмыс барысында шеңберлерді сызғыш пен бұрыштық көмегімен бөлу тәсілдерін қолданады.

Шеңберді бес бөлікке бөлуде оқушылар біраз қиындық көруі мүмкін. Сол себепті мұғалім олардың жұмыстарын қадағалап, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Шеңберді бес бөлікке бөлуді екі түрлі тәсілмен орындауға болады: 1) циркуль мен сызғыш көмегімен; 2) транспортир мен сызғыш көмегімен;

  • 2)

Оқушылардың дарындылығын ескере отырып, дарынды деген оқушыларға бұрыштары тең бес бұрышты жұлдызды салу тапсырмасы беріледі.

Рефлексия.

Оқушылар төмендегі сұрақтар төңірегінде кері байланыс береді:

Не білдім?

Нені үйрендім?

Мен үшін не қиындық туғызды?

Жорамал жауаптар:

Мен шеңберді тең бөліктерге бөлу не үшін екенін білдім

Мен шеңберді тең бөліктерге бөлуді үйрендім

Мен үшін бес бөлікке бөлу қиын болды, бірақ мен мұны істедім, көп нәрсені үйрендім.

Интернет-дерек көзі:

http://www.granitvtd.ru/index.php?option=com_content&task=view&id=16&Itemid=6

https://www.youtube.com/watch?v=xiYPfKImt0E

Қосымша ақпарат

Саралау– Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау, іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Рефлексия

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

 

 Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

 

1:

2:

 Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және

 үйренуге қатысты)

1:

2:

 Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу