Практикалық жұмыс (сызық түрлері, өлшемдерді салу). Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары –Графика және жобалау пәні
Бөлім 1: Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары Кіші бөлім: Сызба орындаудың негізгі ережелері Тақырыбы: Практикалық жұмыс (сызық түрлері, өлшемдерді салу) | Мектеп: | ||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||
Оқыту мақсаты | 10.1.3.3 сызық түрлері және өлшемдерді салу ережелері жайлы білімдерін көрсете отырып, графикалық жұмыстарды орындау
| ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстыра отырып, сызықтарды ажыратуға және дұрыс сызуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту. Өлшемдерді салу ережелері бойынша сызбаны өрнектеу дағдысын қалыптастыру | ||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар сабақ тақырыбына байланысты мәселелерді талқылайды. Сөздердің арнайы терминдері: масштаб,сызық, графикалық орындау, негізгі жазба, өлшем Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөздіктер жиынтығы: Сызба сызықтарының түрлерін ... қолданамын Өлшем сандарын өлшем сызықтарының сол жағына орналастырдым, өйткені ... Өлшем сандарын өлшем сызықтарының үстіне орналастырдым, өйткені ... | ||||||||||||
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты.
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Сызбаны орындағанда сызық түрлерін дұрыс жүргізе біледі; Өлшем сызықтарының орналасу ара қашықтығын сақтайды; Масштабтың өзгеруіне байланыссыз берілген нақты өлшемдерді ережеге сай қолданады Өлшем сызықтарының тұйықталу ұшын дұрыс бейнелейді | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | «Металдар технологиясы және конструкциялық материалдар», «Техникалық өлшеу және стандарттау негізі», «Техникалық механика негізі», геометрия | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны пайдалану. Планшеттер мен ноутбуктер көмегімен ғаламтордан сызба орындаудың негізгі ережелері туралы қосымша ақпараттар алу | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||
Алдыңғы білім | Негізгі сызу құралдары, жұмыс әдісі және жұмыс орнын ұйымдастыру жөніндегі білімдері | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланған мерзім | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздері | |||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы
Практикалық сабақ Сабақ соңы | Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:1. Форматтардың өлшемдері мен белгілерін жазып көрсет?2. Сызбадағы рамканы қалай орындайды?3. Рамка сызығын сызба парағының шетінен қандай қашықтықта жүргізу керек? 4. Негізгі жазбаны толтыру ережесі 5. Масштабты не үшін қолданады? Сызба сызықтарының түрлері жайлы мағлұмат. Мұғалім оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстырады (интерактивті тақтада бейнекөрсетілім, көрнекі плакаттар) 1-4. Жіңішке нүктелі үзілме сызық (5мм-30мм), ал аралықтары 3мм-5мм. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортасына қойылады. Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.2. Тұтас жуан негізгі сызық (0,5мм-1,4мм). Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. 3. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады. 5. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады. 6. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Олар:шығару және өлшем сызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) Тапсырма: 1.А3 пішімінде сызба сызықтарының түрлерін сызу Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салу. Өлшемдерді түсіру. Бұйымның немесе оның бөліктерінің шамасын білу үшін өлшем түсіреміз. Өлшемдер сызықтық және бұрыштық болады. Сызықтық: ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы, диаметр немесе радиус. Бұрыштық. өлшем бұрыштың шамасын сипаттайды. Өлшем сандар мм өлшенеді. Сызбадағы өлшемдер санының аз мөлшерде болуы, бірақ бұйымды дайындауға және дайын бұйымның өлшемдерін бақылауға болатындай болу керек.
Тапсырма: Практикалық жұмыста берілген сурет бойынша жұмыс дәптерлеріне сызба өлшемдерін түсіреді. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында игерілген тақырып бойынша білімдері мен дағдыларына бақылау жүргізіледі. Тетік бөлшектің ұзындығы 60мм, биіктігі– 45мм масштабы М 2,5:1. Тетіктің ортасында диаметрі 20 мм болатын шеңбер орналасқан. Берілген масштаб бойынша осы тетіктің сызбасын орында. Өлшемдерін көрсет. Рефлексия. Оқушылар төмендегі сұрақтар төңірегінде кері байланыс береді: Не білдім? Нені үйрендім? Мен үшін не қиындық туғызды? Жорамал жауаптар: Масштабты қолдану себебін білдім Мен тиісті сызық түрлерімен сызба орындауды үйрендім. Өлшем сызықтары мен белгілерді қою ережелерін үйренді Қорытындылау: Сабақтың соңында оқушылар: Бағалау тапсырмалары арқылы өзінің және бір-бірінің жұмысын жұмысын бағалайды | Көрнекіліктер, қосымша әдебиет, дидактикалық материал: И.С.Вышнепольский «Техникалық сызу», Москва «Жоғары мектеп», 1988 жыл, тапсырмалар сызбасы
Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б. Жай қарындаш жиынтығы. А4 пішіндегі қағаз. Постерлер, сызба қаріптерін жазу ережесі бар кесте МЕСТ, КҚБЖ сызбаны безендірудің жалпы ережелері | |||||||||||
| |||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау– Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау, іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданылуы мүмкін | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Рефлексия |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?