Сызбаны безендіру ережелері (пішім,масштаб,негізгі жазу). Графика және жобалау, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сызбаларды орындау үшін әрбір оқушыда аспаптар мен жабдықтардың жиынтығы болу керек.
Сызғыштар. Түзу сызықтар жүргізу үшін ағаштан немесе пластмассадан жасалған ұзындықтары 250- ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз. Сызғышты пайдаланғанда оның жиегінің тегістігін, яғни кедір бұдырдың болмауын міндетті түрде тексеру керек.
Рейсшина. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін рейсшинаны пайдаланады.Ол бекітілген ролигі бар сызғыш, сондықтан да оны кейде жылжымалы сызғыш деп те атайды. Егер рейсшинаның ұзындығы 300мм болса, онда ол сызғышты алмастыра алды. Сонымен қатар қазіргі рейсшиналарда әр түрлі диаметрдегі шеңберлер бар, олар сызбаларды орындау барысында циркульдің қызметін атқарады .
Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Олардың біреуінің гепотенузаға іргелес бұрыштары 45̊- тан, ал екіншісің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60̊ және 30̊. Бұрыштықтар ағаштан немесе пластмассадан жасалады .
Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін транспортир қолданылады.
Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы даярша деп аталады . Сызу аспаптарының саны әр түрлі болатын даяршалар бар. Алайда сызбаны орындау үшін бір ғана циркуль- шеңбер сызатын аспап қажет болады. Ең алдымен циркульдің жұмыс істеуге дайындығын тексеру керек Графит өзек циркульдің ұшынан бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек циркульдің ұшынан 5-7 мм шығып тұруы тиіс. Циркульмен жұмыс істеу кезінде ине мен графит өзектің ұштарын бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек қағаз бетіне шеңбердің ізін анық түсіруі тиіс. Егер шеңбер дұрыс сызылмаса, онда басқа қосалқы графит өзекті ауыстырып салу керек.
Қағаз. Сызбаларды, әдетте, тығыз қағазға орындайды және қарындаш сызықтары жақсы өшірілетіндей қағаз таңдап алады. Негізінен алғанда, мектептегі сызу сабақтарында А4 пішіміндегі қағаздар пайдаланылады.
Өшіргіш.Сызбадағы артық сызықтарды, әр түрлі жазулар мен кескіндерді өшіру үшін қолданылады. Өшіргіштің мүмкіндігінше жұмсақ, ақ және таза болғаны, әрі сызу жұмыстарына ғана арналғаны дұрыс.
Лекало. Қисық сызықтарды сызу үшін лекало деп аталатын шаблондар қолданылады. Лекалоның пішіні және өлшемі әр түрлі болады.Олар, негізінен пластмассадан жасалады.
Қарындаштар. Сызбаларды орындау үшін екі түрлі қарындашты қолданамыз, олардың біреуі- қатты қарындаш, ал екіншісі- жұмсақ қарындаш. Қатты қарындаш кескінді жіңішке сызықтармен салу үшін, ал жұмсақ қарындаш оны қажетті қалыңдықтағы сызықтармен бастыра жүргізіп шығу үшін қолданылады.
А4 пішімінде сызбаны шектейтін сызықтардың (жиектеменің) сызылуы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?