Көпжақтар мен айналу денелердің комбинациялары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ | Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Жанар Серикбаевна | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||
Тақырыбы | Көпжақтар мен айналу денелердің комбинациялары | ||||||||
Оқыту мақсаттары | 11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу; 11.3.18 - геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару; | ||||||||
Сабақтың мақсаты: | көпжақтар (пирамида, призма және олардың түрлері) мен айналу денелерінің (конус, цилиндр, шар) комбинацияларын бейнелейді; іштей немесе сырттай сызылған көпжақтарды ажыратып, қажетті элементтерін есептей алады | ||||||||
Бағалау критерийлері | -әр түрлі көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын түсінеді; -айналу денелеріне іштей сызылған көпжақтарды бейнелей біледі; -көпжақтарға іштей сызылған айналу денелерін бейнелей біледі; -конустың жазықтықпен қимасын сала алады; -геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығара алады: | ||||||||
Тілдік мақсат: | Арнайы лексика және терминология: ...барлық төбелері шар бетінде жатады. ...іштей сызылған ...төбелері...жатады. ...бүйір бетіне жанасады. ...барлық қырлары ... жасаушысы болады. Диалог және жазуға арналған сөз тіркестері: -геометриялық денелердің комбинацияларын салыстыру; -айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын сипаттау; -айналу денелеріне іштей сызылған көпжақтың төбелері айналу денесінің бетінде орналасатындығын негіздеу; -көпжаққа іштей сызылған айналу денелерінің беті көпжақтың жақтарымен жанасатындығын негіздеу;
Іштей сызылған-вписанный-inscribed Cырттай сызылған-описанный- described Көпжақтар-многогранники-polyhedra Айналу денелері-тела вращения-body of revoltion | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көпжақтар мен айналу денелері және олардың элементтері. | ||||||||
Пән аралық байланыстар | -Архитектурамен байланысын көрсету | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурсты пайдалану; Интербелсенді тақтаны қолданып, презентациялар/ видеосабақтар көрсету GeoGebra бағдарламасы арқылы 3-d фигураларды демонстрациялау | ||||||||
Құндылықтарды дамыту | Жұппен жұмыс істей алу, ұжымдық, шыдамдылық, жауапкершілік, әділдік қасиеттерін дамыту. | ||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс- әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||
Сабақтың басы 5 минут Суреттердегі көпжақтар ұқсастығына сәйкес топ құру | Ұйымдастыру бөлімі.
| Қосымша 1 | |||||||
Ортасы Мағынаны ашу кезеңі 5 минут Топтық жұмыс 15 минут Жұптық жұмыс 10 минут Оқушылардың ерекшелігіне байланысты тапсырмалар | Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру Оқушыларға өз бетімен интернет (немесе ақпараттың басқа көздері) арқылы айналу денелері мен олардың комбинациялары туралы ақпаратты табуды ұсынамын. Бір-екі оқушыға тапқан ақпаратпен бөліседі, қалған оқушылар қажет болған жағдайда толықтырады. Айналу денелерінің, көпжақтардың және айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын плакатқа салу арқылы бірін-біріне түсіндіреді және ортақ ой қалыптастырады. Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топтар өз жұмысын белгілеген уақыт аясында аяқтап, айналу денелерінің, көпжақтардың және айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын плакатқа салу арқылы бірін-біріне түсіндіреді және ортақ ой қалыптастырады. 1-топ «Цилиндр». 1. Айналу денелерінің комбинацияларын анықтайды; бейнелейді; сипаттайды; салыстырады. 2. Кез келген төртбұрышты призмаға сырттай цилиндр сызуға бола ма? (Жауабы: болмайды) 3.Сфераға іштей сызылған цилиндрдің жасаушысы 8 см. Осьтік қима табан жазықтығына 60 градус бұрыш жасайды. Цилиндрдің табанының ауданы мен сфераның радиусын табыңыздар. (Жауабы:) Дискриптор : -айналу денелерінің комбинацияларын анықтай алады; -айналу денелерінің комбинацияларын бейнелей алады; -айналу денелерінің комбинациясын сипаттай алады; -айналу денелерінің комбинацияларын салыстыра алады -есептің шартын құра алады; -геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады; -есептің дұрыс шешімдерін таба алады; 2 -топ «Конус». 1.Көпжақтардың комбинацияларын анықтайды; бейнелейді; сипаттайды; салыстырады. 2. Кез келген үшбұрышты призмаға іштей цилиндр сызуға бола ма? (Жауабы: болады) 3. Радиусы 10 см сфераға осьтік қимасы табан жазықтығына 30 градус бұрыш жасайтын цилиндр іштей сызылған. Цилиндрдің биіктігі мен табан радиусын табыңыздар. (Жауабы:) Дискриптор : -көпжақтардың комбинацияларын анықтай алады; - көпжақтардың комбинацияларын бейнелей алады; - көпжақтардың комбинациясын сипаттай алады; - көпжақтардың комбинацияларын салыстыра алады -есептің шартын құра алады; -геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады; -есептің дұрыс шешімдерін таба алады; 3 топ «Шар». 1.Айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын анықтайды; бейнелейді; сипаттайды; салыстырады. 2. Цилиндрге сырттай сызылған төртбұрышты призманың қарама-қарсы жақтары аудандарының қосындысын қандай болады? 3. Радиусы 4 см сфераға конус іштей сызылған. Осьтік қиманың төбесіндегі бұрышы 60 градус. Осы конустың биіктігі мен табанының радиусы неге тең? (Жауабы: ) Дискриптор : -айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын анықтай алады; - айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын бейнелей алады; - айналу денелері мен көпжақтардың комбинациясын сипаттай алады; - айналу денелері мен көпжақтардың комбинацияларын салыстыра алады -есептің шартын құра алады; -геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады; -есептің дұрыс шешімдерін таба алады; Бағалау: топтағы оқушылар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап кері байланыс береді. Жұптық тапсырмалар: №1. Цилиндрдің биіктігі 2r табан диаметріне тең. Осы цилиндрге сырттай сызылған дұрыс үшбұрышты призманың бүйір жағының ауданын табыңыздар. Жауабы: №2. Дұрыс үшбұрышты призмаға сырттай сызылған цилиндр табанының радиусын табыңыздар. Призманың биіктігі h, бүйір бетінің ауданы S. Жауабы: №3. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы а-ға тең, табанындағы екіжақты бұрыш 60 градус. Іштей сызылған шардың радиусын табыңыздар. Жауабы: Дискриптор: -есептің шарты бойынша геометриялық фигуралардың комбинациясын дұрыс сала алады; -есептің дұрыс шешімдерін таба алады; Бағалау: жұптар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап кері байланыс береді. Оқушылардың ерекшелігіне байланысты тапсырмалар: 1. Биіктігі h, ал табанындағы екіжақты бұрышы дұрыс пирамида шарға іштей сызылған. Шардың радиусын табыңыз. Ж: 2. Цилиндрге іштей дұрыс бесбұрышты призма сызылған. Цилиндр табанының радиусы оның биіктігіне тең болса, цилиндр осі мен призманың бүйір жағының диагоналі арасындағы бұрышты табыңыз. Ж: | Интернетті пайдаланады Қосымша 2 Қосымша 3 http://www.varson.ru/geometr_9.html Презентация Ә.Н.Шыны-беков Геометрия 11 класс Қосымша 4 В.Гусев, Ж. Қайдасов, Е.Есенғазин. Жаратылыстану-математика бағыты. Геометрия есептер жинағы, 11 класс. | |||||||
Соңы 5 минут | Сыни тұрғысынан ойлауға тапсырма: Қоршаған ортада көпжақтар мен айналу денелерінің комбинациялары кездесетін ақпарат дайындауды ұсынамын. Рефлексия: А/ Рефлексия: Кестені толтыру.
Үйге тапсырма беру. Есеп 1: Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы 6 см және биіктігі 4 см. Осы пирамидаға іштей сызылған конустың толық бетінің ауданын табыңдар. Есеп 2: Дұрыс алтыбұрышты призмаға радиусы 5 см шар сырттай сызылған. Призма биіктігі 8 см. Призманың табанының ауданын табыңдар. | Қосымша 5 |
Қосымша ақпарат | ||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Жұптық жұмыс кезінде өз күшіне сенімсіз оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрай алады. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға сабақтың кез келген этапында көмек бере алады. | Топтағы және жұптағы оқушылар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді.Өзара бағалау жүзеге асады. | Құндылықтар: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. |
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?