Геометриялық денелердің комбинациялары. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал 1.


Тапсырмалар

  • Диаметрі 4 дм-ге тең сфераға табанының ұзындығы 3 дм-ге тең дұрыс үшбұрышты призма іштей салынған. Призма биіктігін табыңыз.
  • Тік параллелепипедтің өлшемдері 2; 4 және 4 см. параллелепипедке сырттай сызылған сфераның ауданын табыңыз
  • Дұрыс алтыбұрышты призмаға радиусы 5 см-ге тең сфера сырттай сызылған. Призманың биіктігі 5-см-ге тең болса, призманың табанының ауданын табыңыз.
  • SABC – бүйір қырлары өзара тең пирамида. h – пирамида биіктігі, R – табанына сырттай сызылған шеңбер радиусы. Сырттай сызылған сфера радиусын табыңыз.
  • Үшбұрышты пирамида табаны катеттері 6 және 8 см болатын тік бұрышты үшбұрыш. Әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 45° бұрыш жасайды. Пирамидаға сырттай сызылған сфера радиусын табыңыз.
  • Дұрыс төртбұрышты пирамидаға сырттай шар салынған. Пирамиданың бүйір қырлары 2 см, ал қарама-қарсы қырлары арасындағы бұрыш 60°. Сырттай сызылған шар радиусын табыңыз.
  • Кубқа іштей шар сызылған. Кубтың толық бетінің ауданы мен шар аудандарының қатынасын табыңыз.
  • Дұрыс алтыбұрышы призманың барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 24 + 123 см-ге тең. Призмаға іштей сызылған шар радиусын табыңыз.
  • Дұрыс үшбұрышты призманың табан қабырғасы 1 см. Егер призмаға іштей шар салуға болатын болса, призманың бүйір қырын табыңыз.
  • Дұрыс үшбұрышты пирамидаға іштей шар сызылған. Егер пирамида табаны 6 см, ал апофемасы табан жазықтығамен 60° бұрыш жасайтын болса, шардың радиусын табыңыз.
  • Пирамида табаны сүйір бұрышы 60°-қа тең ромб. Пирамиданың бүйір жақтары табан жазықтығымен 60° бұрыш жасайды. Егер пирамидаға іштей сызылған шардың ауданы 64тең болса, пирамида табанының ұзындығын және биіктігін табыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу