Геометриялық денелердің комбинациялары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- жөні: | |||||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Геометриялық денелердің комбинациялары | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу; 11.3.18 - геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару; | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: көпжақтарды (пирамида, призма) және айналу денелерін (конус, цилиндр, шар), олардың түрлері мен элементтерін айырып таниды; көпжақтар ( кезде n-бұрыштық пирамида, n-бұрыштық призма) және айналу денелерінің (конус, цилиндр) жазбаларын жасайды және есептейді. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: көпжақтар мен айналу денелерінің элементтерін айырады және атай алады. Пәнгетән лексика мен терминология: Төбе, Қыры, Жақ, Көпжақ, Призма, Параллелепипед, Пирамида, Қиық пирамида, Дұрыс көпжақтар, Жазбасы, Қиыстырулар, Цилиндр, Конус Шар, Сфера, Жазықтық Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Төбесінде n қырлары бірігеді, Дұрыс көпжақ. Призманың бүйір жақ қырлары параллель және тең. Пирамиданың бүйір жағы – үшбұрыш. Табандары параллель жазықтықтарда орналасады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады.Оқушылар есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Академиялық шыншылдыққа, ынтымақтастыққа баулу. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. | |||||||
Пән аралық байланыстар | -Архитектурамен байланысын көрсету | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурсты пайдалану; Интербелсенді тақтаны қолданып, презентациялар/ видеосабақтар көрсету GeoGebra бағдарламасы арқылы 3-d фигураларды демонстрациялау | |||||||
Бастапқы білім | Призма, пирамида анаықтамаларын біледі, жазбасын сала алады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, үй тапсырмасын тексеру, Оқушылармен бірге оқу мақсаттарын анықтап алу; | Презентация | ||||||
Сабақтың ортасы 6-10 минут 11-18 минут 19-27 минут 28-35минут | Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында мұғалім Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыш және оның қасиеттері тақырыбын қайталау жұмысын ұсынады. Оқушылар қайталау тапсырмаларын орындайды.
Орындалған тапсырмалардың шешімін ауызша талдай отырып тексереді. Ой қозғау. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Ауызша жауап беріңіз: Кез -келген дұрыс призмаға сырттай сфера сызуға болады ма? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып, бірге талдай жасап отырып сфераға іштей сызылған көпжақ ұғымын анықтайды. Мұғалім оқушыларға бес түсті, яғни қызыл, көк, жасыл,сары, ақ түсті квадрат, ромб, параллелограмм, үшбұрыш, трапеция фигураларын таратады. Оқушылар берілген фигуралар бойынша топтасады. Әр топқа бір тапсырмадан беріледі. Топ тапсырманы орындап болған соң түстері бойынша жаңа топ құрады. Жаңа топтағы әрбір оқушы өз орындаған тапсырмасын топқа тұсіндіреді. Өзара оқыту жүзеге асырылады.
Квадрат тобы: а) кубқа; Ромб тобы: б) тікбұрышты параллелепипедке; Параллелограмм тобы: в) табаны тіктөртбұрыш болатын көлбеу параллепипедке; Үшбұрыш тобы: г) дұрыс үшбұрышты призмаға; Трапеция тобы: д) табаны трапеция болатын призмаға? Егер сызуға болатын болса, қандай шарттар орындалады? Сызбасын салыңыз. Дескриптор: -көпжақтардың түрлерін біледі; -көпжақ пен сфера комбинациясынын шарттарын қарастырады ; - көпжақ пен сфера комбинациятын бейнелейді. Бағалау: топтағы оқушылар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап кері байланыс береді. Мұғалім презентация бойынша тақырыпқа шолу жасайды. Сфераға іштей салынған призма. Теорема Егер призма тік және оның табанына сырттай шеңбер сызуға болатын болса, онда призмаға сырттай сфера сызуға болады. 1. Сфера центрі бұл-призма табанына сырттай сызылған шеңбер центрлерін қосатын кесіндінің ортасы (яғни призма биіктігінің ортасы). Мысал 1. Диаметрі 4 дм-ге тең сфераға табанының ұзындығы 3 дм-ге тең дұрыс үшбұрышты призма іштей салынған. Призма биіктігін табыңыз. Сфераға іштей салынған пирамида. Егер пирамида табанына сырттай шеңбер сызуға болатын болса, онда приамиданы сырттай сфера сызуға болад Қосымшада берілген тапсырмаларды орындау. | Презентация Қосымша | ||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия:Бүгінгі алдыңызға қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе? Сізге не қиындық туғызды? Оны жеңу үшін қандай жұмыстарды атқарасыз? Б/ Үй тапсырмасы: Қосымша 2 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?