Геометриялық денелердің комбинациялары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денелердің көлемдері

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова Г.Н.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Геометриялық денелердің комбинациялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу;

11.3.18 - геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару;

геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығарады.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың:

Көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндей алуын қалыптастыру Геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығаруда математикалық білімін қолдану дағдысы мен біліктіліген дамытуға ықпал ету. (Жаңа тақырыпты үйрену)

Бағалау

критерийлері

Оқушылар оқу мақсаттарын игеру үшін:

Білу, түсіну: көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу біледі;

Қолдану: - қарапайым геометриялық конструкцияларды түсіне алады және есептерді шешуде формулаларды қолданады;

Талдау: - түрлі фигуралардың комбинациясына берілген практикалық мазмұндағы есептерді шешуде аналитикалық әдістерді қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- призма, пирамида, қиық пирамида, цилиндр, конус, қиық конус, шар, шар бөліктерінің көлемін табу формуласын біледі және оларды есеп шығаруда қолданады;

- геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығарады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- көпжақтың көлемі, айналу денелерінің көлемі;

- тік призманың көлемі,

- пирамиданың көлемі,

- цилиндрдің көлемі, конустың көлемі;

- шардың көлемі,

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

- Сырттай сызылған шар...

- Іштей сызылған шарға...

Пәнаралық байланыстар

Бұл бөлімде алынған білім сәулет, құрылыс салаларында және кеңістік фигураларын құрастыруда кеңінен қолданылады. Бұл бөлімді оқу кеңістікте ойлауды дамытуға көмектеседі.

АКТ қолдану дағдылары

ActivInspire жабдықтамасын пайдалану.

Бастапқы білім

Ұқсас көпбұрыш, көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы ұғымдарын білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

6 минут

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау.

2. Миға шабуыл.

Проблемалық жағдайды шешу: дене іштей немесе сырттай сызылу үшін қандай шарт болу қажет.

Мақсаты: геометриялық денелерінің комбинациясын жазықтықта кескіндей алуын қалыптастыру ;

Дағдылар: білу, түсіну

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сұрақтар қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды, көп жақтар және айналу денелерінің комбинациясы бейнеленген слайдтарды көрсетеді.

Оқушының іс-әрекеті: слайдтарда ұсынылған сұрақтарға жауап береді, денелердің іштей немесе сырттай сызылу үшін қандай шарттар қажет екенін сипаттайды.

Сипаты: Мұғалім оқушыларға сұрақтар ұсынады

1. Қандай шар көпжаққа іштей сызылған деп аталады? Слайд №2

2. Қандай көпжақ шарға іштей сызылған деп аталады Слайд №3

3. Шар цилиндрге іштей сызылған. Шардың центрі қай жерде? Шардың радиусынеге тең? Слайд №4

4. Шар цилиндрға сырттай сызылған. Шардың центрі қай жерде? Слайд №5

5. Шар конусқа іштей сызылған. Шардың центрі қай жерде? Слайд №6 шар

6. Шар конусқа сырттай сызылған. Шардың центрі қай жерде? Слайд №6

Сабақтың

ортасы

3 минут

15 минут

13 минут

2.Есептер шығару.

Мақсаты: әртүрлі фигуралардың комбинациясына есептерді шешу дағдыларын пысықтау, әр түрлі фигуралардың ауданы мен көлемін, іштей немесе сырттай сызылған шардың радиусын табуға бағыт береу тәсілдеріне көмектесетін математикалық түйсікті (интуиция) қалыптастыру;

Дағдылар: қолдану

Мұғалімнің іс-әрекеті: Көп жақтар және айналу денелерінің комбинациясына берілген тапсырманың шешу жолын оқушылармен бірге талқылай отырып, тақтада көрсетеді.

Есеп. Шар конусқа іштей сызылған, жасаушысы табан диаметріне тең. Конустың толық бетінің шар бетіне қатынасын табыңыз.

Шешімі №7 слайдта

Мұғалімнің іс-әрекеті:. Оқушыларды төрт есепті шешуді ұсынады.

Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы орындайды.

Сипаты: оқушылар тапсырмаларды шешеді, өз іс-әрекеттерін түсіндіреді .

1. Шар конусқа іштей сызылған. Слайд№9

2. Конус шарға іштей сызылған. Слайд № 10

3.. Шар цилиндрға іштей сызылған. Слайд №11

4. Шар кубқа іштей сызылған. Слайд № 12

Мұғалім тапсырманы орындаған оқушыға кері байланыс береді

3. Топпен жұмыс

Мақсаты: практикалық есептерді шешу дағдыларын, шамаларды бағалау және олардың жуық мәндерін табу; нақты объектілер өлшемдерінің және олармен байланысты геометриялық шамалардың арақатынасы туралы түсініктерді қалыптастыру;

Мұғалімнің іс-әрекеті:оқушылардың үш шағын тобын құрады;

Оқушының іс-әрекеті:талқылай отырып, тапсырманы орындау;

Сипаты: оқушылар топтарының жеке қабілеттерін ескере

отырып, дифференциальдық тапсырмалар құрылады. Оқушыларды топқа бөлу кезінде деңгейлік саралауды қолдануға болады.

Топтық жұмыс үшін практикалық есептер

I топ.

Егер мұнай тығыздығы 0,85 г/см3 тең болса, диаметрі 18 м және биіктігі 7м цилиндр тәрізді цистернаға мұнайдың қандай мөлшері (тоннада) сыйяды?

II топ.

Балмұздаққа арналған конус пішінді стакан тереңдігі 12см және жоғарғы бөлігінің диаметрі 5см-ге тең. Оның үстіне диаметрі 5см-ге тең жарты шар тәрізді екі қасық балмұздақ қойды. Егер балмұздақ еріп кетсе, стаканды толтыра ма?

III топ.

Дұрыс төртбұрышты қиық пирамида тәрізді бакқа 180л бензин сияды. Егер оның табандарының қабырғалары 50см және 70см болса, онда осы бактың терендігін табыңыз.

Бағалау: әрбір жұптың тапсырмасын мұғалім тексереді,

талдайды, өзара кері байланыс жасайды.

Геометрия 10-11 учебник для общеобразовательных учреждений /Л.С. Атанасян , В.Ф. Бутузов - Москва «Просвещение» 2013

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2 минут

4. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия:

Мен нені білдім..................

Мен нені оқыдым..... ......

Менін білгім келеді..............

Мен менгердім.........

Үй тапсырмасы: Дайын сызбалар бойынша есептер.

Стикерлер

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу