Конустың және қиық конустың көлемі. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымшалар
№1706. Конустың осьтік қимасы қабырғалары 40, 40 және 48 болатын үшбұрыш. Конустың көлемін табыңдар.
Жауабы:6144 см3
№1707. Конустың жасаушысы табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды.Табанының радиусы 18 см. Конустың көлемін табыңдар.
Жауабы:1944 см3
№1713. Дұрыс үшбұрышты пирамидаға іштей сызылған конустың көлемі сырттай сызылған конустың көлемінен 4 есе кіші екендігін дәлелдеңдер.
№17. Қиық конустың табандарының радиустары R және r, жасаушысы табан жазықтығына 450 бұрышпен көлбеген. Көлемін табыңдар.
Жауабы:
№18. Қиық конустың осьтік қимасының ауданы табандары аудандарының айырмасына иең, ал табандарының радиустары R және r. Конустың көлемін табыңдар.
Жауабы:
№20. Табандарының берілген R және r радиустары бойынша қиық конус пен толық конустың көлемдерінің қатынасын анықтаңдар.
Жауабы: 1-, егер rR болса.
Жұппен жұмыс. Өзара талдау.
1. «Бәйтерек» монументінің төменгі деңгейінде аквариум орналасқан, оның табаны радиустары 10 м және 9,3 м болатын концентрлі шеңберлерден жасалған сақина бөлігі болып табылады. Кіші шеңбер доғасының ұзындығы 8 м, ал аквариум биіктігі 1,86 м. Аквариумның көлемін табыңдар.
Жауабы: 10,8 м.
2.Бидайдың үйіндісі биіктігі 2,4 м, ал табандағы шеңбердің ұзындығы 20 м. Егер 1м³ бидайдың массасы 750 кг тең болса, онда бидайдың үйіндісі неше тонна болады?
Жауабы: 19 т.
3.Балмұздақ конусының жасаушысы 16 см-ге, ал өстік қимасының төбесіндегі бұрышы 30° тең. Конус пішінді қабықшаның ішіндегі балмұздақтың көлемін табыңыз.
Жауабы: 278
Үй жұмысы.
№ 1711. Конустың бүйір бетінің жазбасы-жарты дөңгелек, радиусы 12 см. Конустың көлемін табыңдар.
Жауабы: 392 см3
№19. Табандарының радиустары 4 см және 22 см болатын қиық конусты биіктігі дәл осындай тең шамалы цилиндрге айналдыру қажет. Осы цилиндр табанының радиусы неге тең болады?
Жауабы:14 см
№3. Қиыршық тас үйіндісі жасаушы 4 м болатын конус пішіндес. Егер қиыршық тас үйіндісінің көлбеу бұрышы (жасаушы мен табанының арасындағы бұрыш) 30° болса, онда оның көлемі қанша болады?
Жауабы: 25 м3.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?