Шар және оның бөліктерінің көлемі. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Метрикалық қатыстар | Мектеп: Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Шар және оның бөліктерінің көлемі | ||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.16 –шар және оның бөліктерінің көлемін табу формуласын білу және оларды есеп шығаруда қолдану ; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | -шардың және оның бөліктерінің көлемінің формулаларын тұжырымдау және дәлелдеу. - шардың сәйкес бөліктерінің көлемінің формулаларын тану. | ||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы шардың элементтерін дұрыс таниды және олардың көлемін есептеу үшін тиісті формулаларды қолданады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Дөңгелек сегмент , Шар сегменті, шар сегментінің биіктігі; Дөңгелек сектор. Дөңгелек сектор, сәйкес конус; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: шардың бөлігі, қандай да бір жазықтықпен одан бөлінген … шармен қиылысатын екі параллель жазықтықтың арасында орналасқан шардың бөлігі… дөңгелек секторды байланыстыратын радиустың бірін қамтитын түзу сызықтың айналасында 90 ° -дан кем бұрышы бар дөңгелек секторды айналдыру арқылы алынған дене ... сәйкес шар сегменті. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топпен жұмыста оқушылар әріптестерінің пікірін тыңдап , идеяларымен бөліседі, өзара талап қоя біледі. Бір-біріне қолдау көрсетеді, жауапты болуға үйренеді. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, химия . | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қажетті ақпаратты таба білу | ||||||||
Бастапқы білім | Айналу денелерінің көлемі: конус, цилиндр, шар. Біріктірілген фигуралардың көлемдерінің қасиеттері. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 2 мин 10мин | 1.Ұйымдастыру. - оқушылар зейінін сабаққа аудару - оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау - оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау, нәтижесін күту. 2.Білімді белсендіру . Математикалық диктант. 1.Шеңбер анықтамасы. Шеңбер ұзындығы. Шеңбер доғасының ұзындығы. 2. Дөңгелек анықтамасы. Дөңгелек ауданы. 3. Дөңгелек сектор анықтамасы. Дөңгелек сектор ауданы. 4. Дөңгелек сегмент анықтамасы. Дөңгелек сегмент ауданы. Оқушылар өздері дәптерлерінде жазбаша түрде сұрақтарға жауап береді, содан кейін өзара тексеру жүргізіледі (дәптерлермен алмасады, оқытушы ауызша жауап беруді талап етеді, содан кейін презентацияда толық жауап үлгісі көрсетіледі) | Презентация: ОМ және бағалау критерийі Слайдтар 1-3 Слайдтар 4-8 | |||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин | 3. Жаңа сабақты меңгеру. Топтық жұмыс. Сынып жаңа материалды өз беттерімен меңгеру үшін үш топқа бөлінеді. Топтарға төмендегідей тапсырмалар беріледі. Бірінші топ: Шар көлемі- анықтамасы, формуласын қорытып шығару. Екінші топ: Шар сегменті- анықтамасы, формуласын қорытып шығару Үшінші топ: Шар секторы - анықтамасы, формуласын қорытып шығару. Екі топ көрші топтың жұмысын бірінен кейін бірі бағалай алады Оқушылардың жұмысын бағалау критерийлері бар. Топтар өзара көмек көрсетеді. Оқушылар мұғаліммен кеңес ала алады. Бағалау критерийі: - суретін дұрыс салу - формуласы, белгіленуі - формуланы қорытып шығару. 4. Есептер шығару. Әрбір топқа 2 тапсырмадан беріледі.Тапсырмалар деңгейлер бойынша таңдап алынады. Оқушылардың жұмысын бағалау критерийлері бар. Бағалау критерийі : - шар элементтерін дұрыс таниды - көлемдерін есептеу үшін тиісті формулаларды қолданады. - дұрыс жауабын табады. Карточка 1 1.Шар центрінен 9 м қашықтықта шеңберінің ұзындығы24π-ге тең болатын қима жүргізілген. Қима жазықтығымен бөлінген кіші шар сегментінің көлемін табыңыз. 2.Егер шардың радиусы 6 см, ал секторды құрайтын конустың биіктігі шардың диаметрінің үштен біріне тең болса, шар секторының көлемін табыңыз. Карточка 2. 3. Радиусы 15 см-ге тең шарға ауданы 81π болатын қима сызылған. Қима жазықтығымен бөлінген кіші шар сегментінің көлемін табыңыз. 4. Егер шардың радиусы 6 см және сәйкес сегменттің биіктігі шардың диаметрінің алтыдан біріне тең болса, шар секторының көлемін табыңыз. Карточка 3. 5. Шардың диаметріне перпендикуляр қима осы диаметрді 1: 3 қатынасында бөледі. Егер шардың бетінің ауданы 144 π болса, шардан бөлінген кіші шар сегментінің көлемін табыңыз. 6. Шар секторының радиусы R, сектордың осьтік қимасындағы радиустар арасындағы бұрыш 120º. Сектор көлемін табыңыз. Есептердің жауаптары: 1.468 π; 2. 48 π; 3. 126 π; 4. 48 π; 5. 72 π; 6. Оқушылар топта жұмыс жасай отырып, жауаптарын презентациядағы дайын жауаптармен салыстырып тексереді, критерийі бойынша бағалау туралы өз ойларын айтады. | Презентация 9-12 слайдтар 1.Геометрия . 10-11 класс. Атанасян Л.С. – М: Просвещение, 2014. 2.Геометрия. 7-11 класс. А.В.Погорелов Просвещение,2001. Слайдтар 13-16 | |||||||
Сабақтың соңы 1 мин 2 мин | 5.Үй тапсырмасы. 1. Қуыс шардың сыртқы диаметрі 18 см, ал қабырғасының қалыңдығы 3 см. Шар жасалған материалдың көлемін табыңыз. Жауабы: 684 π; 2. Бұрышы 30º және радиусы R дөңгелек сектор оны шектейтін радиустардың біреуінен айналдырылған. Пайда болған шар секторының көлемін есептеңіз. Жауабы: Рефлексия: Оқушылар өз жұмыстарын критерий арқылы бағалайды, сабақ бойынша ойларын, тілектерін стикерге жазады. | Слайд 17 | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдарыменресурстарыноқушылардыңжекеқабілеттерінесепкеалаотырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін. Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепкеалаотырып, сабақтыңкез-келгенкезеңіндеқолданылаалады | Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз | Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері. ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?