Цилиндр көлемі. Геометрия, 11 сынып, презентация.


Бөлімі: Денелердің көлемдері

Сабақтың тақырыбы: Цилиндрдің көлемі

11сынып

ОҚУ МАҚСАТЫ:

11.3.14 - цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

- цилиндр көлемін табу формуласын қайталау;

- цилиндр көлемін табу формуласын есеп шығаруда қолданады;

- практикалық есептерді шығаруда цилиндр көлемін табу формуласын қолдана білу дағдысын қалыптастыру.(екінші сабақ – бекіту сабағы)

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Цилиндр көлемін табу формуласын біледі;

Цилиндр көлемін табу формуласын есеп шығаруда қолдана алады.

АУЫЗШ СҰРАҚ-ЖАУАП

-Қандай денені цилиндр деп атаймыз?

- Цилиндрдің осі, биіктігі, радиусы деп нені айтамыз?

- Цилиндрдің табаны қандай фигура?

- Цилиндрдің көлемін анықтау формуласы қандай?

Сабақтың мақсатын анықтау.

11.3.14 - цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

Топтық жұмыс.

А деңгейі:

№1. Цилиндрдің табанының радиусы 3, ал биіктігі 5-ке тең. Цилиндрдің бүйір бетін және көлемін табыңыз.

 

№2. Цилиндрдің көлесі 200π, табанының радиусы 5-ке тең. Цилиндрдің биіктігін табыңыз.

№3. Цилиндр тәріздес бактың биіктігі 40см, ал оның табанының ауданы 150 см2. Бактың көлемі гене тең(литр есебімен)? 1л = 1000 см3.

Топтық жұмыс.

В деңгейі:

1-есеп.

Цилиндр тәріздес ыдыстың түбінің диаметрі 26 см және осы ыдысқа 10 л алма шырыны сиятын болса, бұл берілген ыдыстың биіктігі кемінде қанша болуы тиіс? Жауабыңызды бүтінге дейін жуықтаңыз.

  

2-есеп.

Екі цилиндр тәріздес ыдыс берілген. Бірінші ыдыстың диаметрі 60 см және биіктігі 30 см. Екінші ыдыстың бірінші ыдысқа қарағанда диаметрі екі есе кіші, бірақ биіктігі екі есе биік болса, екі ыдыстың қайсысының сыйымдылығы көп?

 

3-есеп.

1 л апельсин шырынын биіктігі 9 см және диаметрі 6 см болатын цилиндр тәріздес неше ыдысқа құюға болады?

Топтық жұмыс.

С деңгейі:

Топтық жұмыс.

С деңгейі:

Жұптық жұмыс

Практикалық мазмұндағы тапсырмалар

 

1. Цилиндрдің биіктігін өзгерпей, көлемін 16 есе арттыру үшін цилиндр табанының радиусын қанша есе арттыру керек?

 

2. Ұзындығы 4 м мыс сымының массасы 701,79 г. Сымның диаметрін табыңыз. (мыс тығыздығы 8,94 г/см3)

 

3. Цилиндр тәрізді ыдыстағы сұйықтықтың деңгейі 36дм. Цилиндр тәріздес және диаметрі бірінші ыдыстың диаметрінен 2 есе артық болатын ыдысқа осы сұйықтықты құйса, оны деңгейі қандай болады? . 

Жеке тапсырма

Онлайн тест

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/czilindrding-kolemi--14663?mid=a74aeef0-1fe1-11ea-902c-9f3bcc30221a

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін, білімдерін, ұсыныстары мен пікірлерін білдіреді

Оқушы «мен жеттім/жетпедім, себебі.... сондықтан маған ......қажет» деген сөйлемді аяқтау қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу