Цилиндр көлемі. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.4А Денелердің көлемдері(14 сағ)

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Цилиндр көлемі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.14 - цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

- цилиндр көлемін табу формуласын қайталау;

- цилиндр көлемін табу формуласын есеп шығаруда қолданады;

- практикалық есептерді шығаруда цилиндр көлемін табу формуласын қолдана білу дағдысын қалыптастыру.(екінші сабақ – бекіту сабағы)

 Бағалау критерийлері

  • цилиндр көлемін табу формуласын біледі;
  • цилиндр көлемін табу формуласын есеп шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • айналу денесінің көлемі;
  • цилиндрдің табанының ауданы;
  • дұрыс призманың көлемін есептеу формуласы;
  • цилиндрдің көлемі;
  • осьтік қима;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • ... көлемі табан ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең;
  • цилиндрдің осьтік қимасын салу үшін;
  • ұқсас денелердің көлемдерінің қатынасы ұқсастық коэффициентінің кубына тең.

 Құндылықтарды дарыту

Өз уақытына және сыныптастарының уақытына құрметпен қарау, бірін-бірі тыңдай білу және өз пікірлерін ашық айта білу. Ұжымдық тәрбие беру, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау дағдысын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика. Құрылыс саласымен байланысты тапсырмалар орындау жоспарлануда.

 АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland видео-сабақ қарау, powerpoint мүмкіндіктерін қолдану.

Бастапқы білім

Цилиндрдің элементтерін біледі. Дененің көлемінің формуласын, дөңгелектің ауданының формуласы біледі және оларды есеп шығаруда қолдана біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

1 мин

Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Оқушылардың білімдерін жинақтау

Ауызша сұрақ-жауап (презентация көмегімен жүреді)

- қандай денені цилиндр деп атаймыз?

- цилиндрдің осі, биіктігі, радиусы деп нені айтамыз?

- цилиндрдің табаны қандай фигура?

- цилиндрдің көлемін анықтау формуласы қандай?

Сабақтың мақсатын анықтау.

11.3.14 - цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың ортасы

2 мин

15 мин

10 мин

7мин

Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Бағалау критериін құрастыру:

  • цилиндр көлемін табу формуласын біледі;
  • цилиндр көлемін табу формуласын есеп шығаруда қолдана алады.

- Топтық жұмыс Бекіту, деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей: №1-қосымшада тапсырмалар оқулықтан беріледі

В деңгей: №2-қосымшада тапсырмалар «Геометрия» пәні бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы оқу жоспары(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 11-сынып алынды.

С деңгей: №3-қосымшада тапсырма Bilimland порталындағы Цилиндрдің көлемі тақырыбы бойынша жұмыс парағынан.

Оқушылар жұмысын бағалау.

Мұғалімнің ұсынған дайын тапсырма шешімімен оқушы сыныптасын дескриптор бойынша тексереді.

Жұптық жұмыс

Практикалық мазмұндағы тапсырмалар №4- қосымшада

Дайын жауаппен өзін-өзі бағалайды.

Жеке тапсырма

Bilimland прорталында тест орындау №5-қосымшада

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/czilindrding-kolemi--14663?mid=a74aeef0-1fe1-11ea-902c-9f3bcc30221a

Сабақтың соңы

2 мин

Жетістік критериіне қайта оралу. Оқушы «мен жеттім/жетпедім, себебі.... сондықтан маған ......қажет» деген сөйлемді аяқтау қажет

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан жаңа тақырыпты қосыша әдіспен дәлелдеуді беру, жаңа тақырыпты бекіуді деңгейлік тапсырмалармен жүзеге асыру.

Әр іс-әрекет кезеңінде жақсы нәтижелерді айтып отыру.

Бағалау критериі бойынша бағалау.

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу