Қиық пирамиданың көлемі. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.4А Денелердің көлемдері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 (ҚГБ)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қиық пирамиданың көлемі

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.13 - пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  •  Қиық пирамида көлемін табу формуласын біледі және оны есептер шығаруда қолданады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Қиық пирамида көлемін табу формуласын біледі;
  • Қиық пирамиданың көлемін табу формуласын қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қиық пирамида көлемі формуласын қорытып шығаруды түсіндіреді;

есеп шығару барысында пәндік лексика мен терминологияны қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Үшбұрышты пирамида, дұрыс төртбұрышты пирамида, пирамида биіктігі, пирамида табаны, пирамида көлемі, қиық пирамида.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • берілген денені табанына параллель жазықтықпен екі бөлікке бөлейік, олардың көлемдерін біз анықтай аламыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Көлемдерді химия мен физикада табу.

АКТ қолдану дағдылары

GeoGebra қолданысы

Бастапқы білім

Пирамида, параллелепипед, куб және оның элементтерін, пирамида түрлерін білу. Үшбұрыштың, тіктөрбұрыштың, трапецияның ауданы; параллелепипед, куб, призманың, пирамиданың көлемі формулаларын білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады.

Білімді белсендендіру:

- Пирамиданың көлемін қалай табамыз?

- Призманың көлемін қалай табамыз?

Презентация

Сабақ ортасы

14 мин

2. Жаңа тақырыпты оқу. (Топтық жұмыс)

Оқушылар 3-4 оқушыдан кіші топтарға біріктіріледі.

Мұғалім оқушыларға топта жұмыс жасай отыра, келесі тапсырманы орындауды ұсынады.

№1. Табандарының қабырғалары 10 см және 5 см, биіктігі 5 см болатын қиық пирамиданың көлемін тауып көрейік. Ол үшін суретте берілген қадамдарды қарастырып, сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

а) Суретте көрсетілген а, b және с мәндерін анықтаңыз.

, ,

b) h мәнін табыңыз.

с) Пирамиданың қиылғанға дейінгі көлемін табыңыз.

d) Қиылып алынған кіші пирамиданың көлемін табыңыз.

е) Алынған қиық пирамиданың көлемін табыңыз.

Осыдан кейін мұғалім қиық пирамиданың көлемін табу формуласын ұсынады.

Оқушыларға GeoGebra бағдарламасында жасалған қиық пирамиданың көлемі туралы демонстрацияны көрсетеді. Ол үшін сол жақ бағандағы сілтеме арқылы өту керек.

Презентация

Қосымша 1

https://www.geogebra.org/m/JWMSFnW8

15 мин

3. Өткен материалды бекіту. (Бүкіл сынып талдауы)

Бір оқушы тақтада тапсырманы орындайды, қалған оқушылар оны орындауына белсене қатысады, көсектеседі, қателерін түзетеді.

2(A,C)- №4 тапсырмалар.

Қосымша 1

9 мин

Өткен материалды бекіту. (Жеке жұмыс)

Мұғалім оқушыларға формативті бағалау тапсырмаларын орындауды ұсынады.

Формативті бағалау тапсырмалары

1-тапсырма

Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың биіктігі см тең, ал табандарының қабырғалары 1 см және 4 см тең. Қиық пирамиданың көлемін табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • қиық пирамиданың сызбасын салады;
  • табан аудандарын табады;
  • қиық пирамиданың көлемі формуласын қолданады;
  • қиық пирамиданың көлемін табады.

2-тапсырма

Дұрыс үшбұрышты қиық пирамида табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм –ге тең . Қиық пирамиданың биіктігін және көлемін табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • қиық пирамиданың сызбасын салады;
  • табандарына сырттай сызылған шеңбердің радиустарын тауып, қиық пирамиданың биіктігін табады;
  • қиық пирамиданың көлемін табады.

Қосымша 2

Сабақтың соңы

1 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бүгін мен білдім...
  • Қызықты болды ...
  • Қиын болды ...
  • Мен ... тапсырмаларын орындадым
  • Енді мен ... істей аламын.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы: №2 (B, D) (Қосымша 1)

Презентация

Қосымша 1

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Тесттік тапсырмаларды бағалау қателердің бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді, олар алдағы уақытта түзетілу керек.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу