Призманың көлемі. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

11.4А Денелердің көлемдері

Мектеп: Семей қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Маметреева С.О.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Призманың көлемі

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.12 - призма көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар есеп шығару барысында призманың көлемін табу формуласын қолданады

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • тік призманың көлемін және көлбеу призманың көлемін табу формулаларын біледі;
  • тік призманың көлемін табу формуласын қолданады;
  • көлбеу призманың көлемін табу формуласын қолданады.

 Тілдік мақсаттар

  • Оқушылар:

призманың көлемін табу формуласын қорыту үшін өз пікірлері білдіреді;

бөлім бойынша пәндік лексиканы және терминдерді есеп шығару барысында қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Төбе - вершина - vertex
  • Қыр - ребро - edge
  • Жақ - грань - face
  • Призма - prism
  • Көлем - объем - volume
  • Табан ауданы - площадь основания - area of base
  • Биіктік - высота - height

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • берілген денені өзіміз көлемдерін анықтай алатын бөліктерге бөлеміз;
  • үшбұрышты тік призманы параллелепипедке дейін толықтырамыз.

Құндылықтарды дарыту

Топта талқылау кезінде бірлескен ортада ынтымақтаса отырып жұмыс жасау арқылы жауапкершілікті сезіну. Басқа оқушылардың пікірін құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

физика, химия сабақтарымен байланыстыру.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, bilimland.kz

Бастапқы білім

Призманың, параллелепипедтің анықтамаларын және олардың элементтерін, призманың түрлерін білу. Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, трапецияның ауданы формулаларын білу. Параллелепипедтің көлемі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

Оқушылармен амандасу, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.

12 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру. (жұптық жұмыс)

Мұғалім оқушыларға төмендегі тапсырмаларды жұпта орындауды ұсынады.

  • Тік параллелепипедтің көлемін табуға арналған формуланы жазыңыз.

Жауабы: V=abc.

Мұғалім: Өзімізге таныс осы формуланы табан ауданы арқылы қалай жазуға болады?

Жауабы: V=Sтабc немесе V=Sтабh.

  • Табаны тік бұрышты үшбұрыш болатын тік призманың көлемін қалай табуға болады? Қалай ойлайсыздар?

Нұсқау: осы призманы тік бұрышты параллелепипедке дейін толықтыру керек.

Жауабы:

  • Алдыңғы тапсырмаларға сүйене отырып, табаны кез келген үшбұрыш болатын тік призманың көлемін қалай табуға болады?

Нұсқау: Берілген призманы табандарында тік бұрышты үшбұрыш болатындай екі тік призмаға бөлу керек.

Жауабы:

  • Алдыңғы тапсырмаларды негізге ала отырып, табаны кез келген көпбұрыш болатын тік призманың көлемін қалай табуға болады?

Нұсқау: Берілген призманы табандарында үшбұрыш болатындай тік призмаларға бөлу керек.

Жауабы:

Мұғалім жұптардың жұмысын бақылайды, оларға қолдау жасап, бағыт береді (егер қажет болса), сондай ақ оқушыларды бағалап, журналға түртіп алады.

Бірлесіп қорытындылау.

Мұғалім оқушылармен бірге көлбеу призманың көлемін табу формулаларын қорытып шығарады:

«Көлбеу призманың көлемі оның бүйір қыры мен бүйір қырына перпендикуляр қимасының ауданының көбейтіндісіне тең».

Презентация

Сабақ ортасы

5 минут

Өтілген тақырыпты бекіту. (жеке жұмыс)

Оқушыларға өз бетімен орындауға тапсырмалар ұсынылады.

  • Тік призманың көлемін табыңыз:
  • Призманың көлемін және бет ауданын табыңыз:
  • Көрсетілген призманың көлемі 720 мм3.

а) Призманың биіктігін табыңыз.

b) Призманың бет ауданын табыңыз.

Мұғалім жұптардың жұмысын бақылайды, оларға қолдау жасап, бағыт береді (егер қажет болса), сондай ақ оқушыларды бағалап, журналға түртіп алады.

Бірлесіп есеп шешімдерін талқылау және жауаптарын тексеру.

Қосымша 1

10 минут

Өтілген тақырыпты бекіту. (бүкіл сынып)

Бір оқушы тақтада есеп шығарады, қалған оқушылар есеп шығаруға қатысады, көмектеседі, қателерін түзетеді, талқылайды.

Есептер:

4. Дұрыс алтыбұрышты призманың ең үлкен диагоналі 8 см және бүйір қырымен 300 бұрыш жасайды. Призманың көлемін табыңыз.

5. Табаны – қабырғалары 10 см, 10 см және 12 см болатын үшбұрыш болатын, бүйір қыры 8 см және табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайтын көлбеу призманың көлемін табыңыз.

Презентация

5 минут

Есептер шығару. (Топтық жұмыс)

Оқушылар үш-үштен топқа бірігеді (сыныптағы оқушылар санына байланысты, A, B, C және D топтар саны бірнешеу болуы мүмкін)

Топтар өз шешімдерін постерда жазады;

Топқа тапсырмалар (қосымша 2):

A тобы

№6 есеп

B тобы

№7 есеп

C тобы

№8 есеп

D тобы

№9 есеп

Дифференциация.

C және D топтарына математикалық қабілеттері жақсы дамыған оқушыларды қосуға болады.

Дескриптор: Оқушы

- есептің математикалық моделін құрады;

- фигураның көлемін табады;

-есеп шартына сәйкес алынғандарды интерпретациялайды;

- есептің сұрақтарына жауап береді;

- - шешімін түсіндіреді.

Мұғалім жұптардың жұмысын бақылайды, оларға қолдау жасап, бағыт береді (егер қажет болса), сондай ақ оқушыларды бағалап, журналға түртіп алады.

Қосымша 2

5 минут

Топтардың қорғауы. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту.

Плакаттар тақтаға немесе кабинет қабырғасына ілінеді.

Оқушылар әрбір постердің жанына былай орналасады: осы тапсырманы орындаған бір оқушы және осы тапсырманы бірінші рет көріп тұрған екі оқушы. Осы тапсырманы орындаған оқушы басқа топтардан келген оқушыларға өз шешімдерін түсіндіреді.

Сабақтың соңы

3 минут

Қорытындылау.

Рефлексия: Оқушылар сабақ бойынша өз қорытындысын жасайды:

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Сабақта қандай жаңа нәрсені білдің?
  • Қандай бұрынғы білімдерің есеп шығару кезінде (немесе сабақта) қажет болды?
  • Есеп шығару кезінде саған кім және қалай көмектесті?
  • Сен бүгінгі сабақта өзіңді не үшін мақтадың?

Үй тапсырмасы

  • Призманың көлемін және бет ауданын табыңыз.
  • ABCA1B1C1 көлбеу призманың табаны – катеттері AB=7 см және AC=24 см болатын тік бұрышты ABC үшбұрышы. A1 төбесі A, B және C төбелерінен бірдей қашықтықта. AA1 қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Призманың көлемін табыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар қою кезінде

Сабақ барысында өздерінің кездескен қиықдықтарына қарай сараланған қолдау көрсетіледі.

Оқушылар жауаптарының дұрыстығы мен жазба жұмыстарды орындау сапасы арқылы

Сабақ басталғанға дейін кабинетті желдету. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу