Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Параллелепипед және куб көлемі. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Математика ӘБ жетекшісі: Ахмедиева Г. Б.

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім: Жаңабаев Н.Б.

Қатысқандар саны.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денелердің көлемі.

Сабақ тақырыбы: Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Параллелепипед және куб көлемі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.3.11 – кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақ мақсаты

Кеңістіктегі денелердің көлемдері қасиеттерін біледі.

 Бағалау

критерийлері:

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

  • кеңістіктегі денелер қасиеттерін білсе;
  • көлем ұғымын түсінсе;
  • кеңістіктегі денелердің көлемін таба алса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

– кеңістік;

– көлем;

– кеңістңктегі денелер көлемі туралы түсіндіреді.

Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды:

– параллелепипед;

– куб;

– кеңістіктегі денелер;

– көлем қасиеттері;

 Құндылықтарды

дарыту

Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту;

 АКТ қолдану

дағдылары

Оқыту барысында қолданатын презентация

Бастапқы білім

Кеңістіктегі денелер аудандары. Үшбұрыш және төртбұрыш аудандары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б) сабақтың жүру жоспарын түсіндіру

Үй жұмысын тексеру (3 мин)

Мұғалім оқушыларға өз жұмыстарын тексеруді ұсынады. Бір оқушы үй жұмысы жауаптарын оқиды. Қалған оқушылар дәптерлеріндегі тапсырмалармен салыстырып, белгілеулер қояды

Оқушылардың жауаптарын тексеру барысында, қате жауабы бар оқушылардың жауаптарын түзетуге көмектесу

Тақырыпты түсіндіру (10 мин)

Сабақ басында кіріспе сұрақтар қойылады:

  • Кеңістіктегі денелер дегеніміз –
  • Көлем дегенді қалай түсінесің?
  • Көлем қандай жағдайда табылады?
  • Көлем қандай жағдайда табылмайды?

Осы сұрақтар арқылы оқушыларда кеңістіктегі денелердің көлемдері туралы түсінік қалыптастырып аламыз.

Кез келген ішіне сұйықтық құйыла алатын денелерден көлем табылады

Негізгі қасиеттер:

  • Әрбір фигураның теріс емес санмен өрнектелетін көлемі бар болады.
  • Тең фигуралардың көлемдері де тең.
  • Егер фигура ортақ нүктелері жоқ бірнеше бөлікке бөлшектенсе, онда оның көлемі бөлшектердің көлемдірінің қосындысына тең болады.

Параллелепипед және куб көлемі:

Презентация

Тапсырмалармен жұмыс (5 мин)

Мұғалім 1 тапсырманы түсіндіріп өтеді

Презентация

Өзіндік жұмыс

(17 мин)

Мұғалім берілген тапсырмаларды жеке орындауды оқушыларға ұсынады.

Берілген фигуралар көлемдерін табыңыз:

Қосымша 1

Сабақ соңы

Қорытындылау

(3 мин)

1. Мұғалім оқушыларға көрші отырған оқушыларға дәптерлерімен ауысып, дайын жауаптарымен тексеруді ұсынады. Жұмыс соңында дәптерді мұғалімге өткізу

2. Мұғалім үй жұмысына түсіндірме жүргізеді

Теорияны қайталау

Презентация



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу