Цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қимасы. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қиманың түрлері

Сызбасы

Сипаттамасы

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы

Цилиндрді жазықтықпен оның осі арқылы қиғанда пайда болған қиманы осьтік қима деп атайды. Осьтік қима -тік төртбұрыш болады. Оның екі қабырғасы цилиндрдің жасаушылары болса, ал басқа екеуі диаметрлері болады.

Цилиндрдің осіне перпендикуляр болатын қимасы оның табандарына тең болатын дөңгелек болады.

Цилиндрдің осімен бұрыш жасап қиятын көлбеу қимасы эллипс болады.

Цилиндрдің осіне параллель жазықтықпен қиғандағы қима-тік төртбұрыш болады. Оның екі қабырғасы жасаушысы, ал басқа екі қабырғасы табандарының хордасы болады.

Конустың жазықтықпен қимасы

Конустың осі арқылы өтетін жазықтықпен қимасы -осьтік қима деп аталады. Ол теңбүйірлі үшбұрыш болады. Оның бүйір қабырғалары конустың жасаушылары, ал табан қабырғасы конустың табанының диаметрі болады.

Конустың төбесі және табаны арқылы өтетін қимасы - теңбүйірлі үшбұрыш болады. Оның бүйір қабырғалары конустың жасаушылары, ал табаны конустың табанының хордасы болады.

Конустың табанына параллель болатын қимасы - центрі конустың осінде жататын дөнгелек болады.

Конустың табанына параллель болмайтын қимасы - эллипс болады.

Конустың басқа типтегі қималарының түрлері

Шардың жазықтықпен қимасы

Шардың жазықтықпен қиғандағы кез келген қимасы дөнгелек болады. Ол дөңгелектің центрі шардың центрінен түсірілген перпендикулярдың табаны болады.

Шардың центрі арқылы өтетін ең үлкен қимасы -диаметрлік қима деп аталады.

Жеке жұмыс:

№1

Бір квадрат метрге 200 г бояу жұмсалса, онда табанының диаметрі 1,5 м, биіктігі 3м цилиндр пішінді бакты бояу үшін қанша бояу керек?

№2

 Шелек табаңдрының радиустары 15 см және 10 см, ал жасаушасы 30 см болатын қиық конус пішінді. Егер 1 ауданға 150 г бояу жұмсалатын болса, осындай 100 шелектің ішкі және сыртқы беттерін бояу үшін неше кг бояу керек?

№3

Радиусы 10 см футбол добын қаптау үшін қанша тері жұмсалады? (Доптың тігісіне оның бетінің ауданының 8 процентін қосындар).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу