file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Айналу денелерінің жазықтықпен қималары. Геометрия, 11 сынып, презентация.


Айналу денелерінің жазықтықпен қималары.

Оқу мақсаттары:

11.2.2 - цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу;

Топпен жұмыс (айналу денесі мен жазықтықтың өзара орналасуын зерттеу)

1-топ үшін - цилиндр мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру;

2-топ үшін - конус пен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру;

3-топ үшін - шар мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру.

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы

Цилиндрдің осінен өтетін жазықтықпен қимасы осьтік қима деп аталады.

Осьтік қима тіктөртбұрыш, оның екі қабырғасы - цилиндр жасаушылары, ал басқа екі қабырғасы - оның табандарының диаметрі болып табылады.

Цилиндрдің осіне перпендикуляр жазықтықпен қимасы табанына тең шеңбер болып табылады.

Цилиндрдің осімен бұрыш жасап өтетін жазықтықпен қимасы эллипс болып табылады.

Цилиндрдің оның осіне параллель жазықтықпен қимасы - тіктөртбұрыш, оның екі қабырғасы -цилиндр жасаушылары, ал басқа екі қабырғасы - оның табандарының хордасы болып табылады.

Конустың жазықтықпен қимасы

Конустың осінен өтетін жазықтықпен қимасы конустың осьтік қимасы деп аталады.

Осьтік қима–теңбүйірлі үшбұрыш, оның бүйір қабырғалары-конус жасаушылары, ал табаны-оның табанының диаметрі болып табылады.

Конустың төбесінен және оның табанынан өтетін жазықтықпен қимасы

теңбүйірлі үшбұрыш, оның бүйір қабырғалары-конус жасаушылары, ал табаны-оның табанының хордасы болып табылады.

Конустың оның табанына параллель өтетін жазықтықпен қимасы–центрі конус осінде жататын дөңгелек болып табылады.

Конустың табан жазықтығына параллель емес қимасы–эллипс.

Шардың жазықтықпен қимасы

Шардың жазықтықпен қимасы дөңгелек болады. Бұл дөңгелектің центрі шардың центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.

Шардың центрі арқылы өтетін қима -үлкен дөңгелек (диаметрльды қима).



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу