Сфераға жанама жазықтық. Геометрия, 11 сынып, презентация.


11.3А Айналу денелері және олардың элементтері.

Сфераға жанама жазықтық

11 сынып

Мақсаты:

11.3.9 – сфераға жанама жазықтықтың анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

11.3.10 – шар мен сфераның жазықтықпен қимасына байланысты есептерді шығарады;

Сферамен тек бір ғана ортақ нүктесі бар жазықтық сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтық деп аталады. Ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.

Сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтықтың қасиеті: жанасу нүктесіне жүргізілген сфера радиусы жанасу жазықтығына перпендикуляр және керісінше, сфераның радиусы ұшы арқылы өтетін және осы радиусқа перпендикуляр жазықтық сфераға жанама жазықтық болады.

Бұл теореманы оқушылардың өздері түсініп оқып, дәлелдеуге ұсыну. Қажетті материалды алдын ала дайындап беру ұсынылады.

Әр шардың (сфераның) кез келген нүктесінде жанама жазықтық бар болады.

Сыныптық жұмыс

№1

Шарға жанама жазықтық жүргізілген. Жанама жазықтыққа тиісті P нүктесінен шардың центрі O нүктесіне дейінгі арақашықтық 10-ға, ал жанама нүктесіне дейінгі арақашықтық 8 см-ге тең. Шар радиусын тап.

№2

Центрі S (2; –1; 3) және радиусы R = 5 болатын сфераның теңдеуін жаз. A (5; –5; 3) нүктесі сферада жата ма?

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

https://bilimland.kz сайтынан тест орындау

Үйге тапсырма

Іріктелген тақырыптық есептер жинағы

Рефлексия

нені білдім, нені үйрендім...........................................................

нені толық түсінбедім ..............................................................

немен жұмысты жалғастыру қажет ....................................

сабақта ................................................................. қиын болды

................................................................. менің қолымнан келді

келесі сабақта маған .......................... назар аударуым керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу