Сфераға жанама жазықтық. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3А Айналу денелері және олардың элементтері. | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Сфераға жанама жазықтық | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.9 – сфераға жанама жазықтықтың анықтамасы мен қасиеттерін біледі; 11.3.10 – шар мен сфераның жазықтықпен қимасына байланысты есептерді шығарады; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: сфераға жанама жазықтықтың анықтамасы мен қасиеттерін білу; шар мен сфераның жазықтықпен қимасына байланысты есептерді шығару. | |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаттары: Оқушылар: математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу. Академиялық адалдық: Бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызба жұмыстары орындауды сызу пәнінің ережелерін қолдану. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, сызба жұмыстарын орындауда бағдарламаны қолдану. | |||||||
Бастапқы білім | Шар және оның элементтері туралы түсінігі бар. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 3 мин | Сабақтың басында мұғалім жасайтын акценттер:
І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгеңдеу) Сабақтың мақсаттарымен, барысымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау. | |||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 12 мин 10 мин 8 мин | ІІ. Жаңа сабақты меңгеру Сферамен тек бір ғана ортақ нүктесі бар жазықтық сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтық деп аталады. Ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды. Сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтықтың қасиеті: жанасу нүктесіне жүргізілген сфера радиусы жанасу жазықтығына перпендикуляр және керісінше, сфераның радиусы ұшы арқылы өтетін және осы радиусқа перпендикуляр жазықтық сфераға жанама жазықтық болады. Бұл теореманы оқушылардың өздері түсініп оқып, дәлелдеуге ұсыну. Қажетті материалды алдын ала дайындап беру ұсынылады. Әр шардың (сфераның) кез келген нүктесінде жанама жазықтық бар болады. Сыныптық жұмыс №1 Шарға жанама жазықтық жүргізілген. Жанама жазықтыққа тиісті P нүктесінен шардың центрі O нүктесіне дейінгі арақашықтық 10-ға, ал жанама нүктесіне дейінгі арақашықтық 8 см-ге тең. Шар радиусын тап. Шешуі: см Жауабы: R=6 см №2 Центрі S (2; –1; 3) және радиусы R = 5 болатын сфераның теңдеуін жаз. A (5; –5; 3) нүктесі сферада жата ма? Шешуі: Сфераның теңдеуі: A нүктесінің координаталарын шыққан теңдеуге қойып, сол бөлігін есепте. 25=25 A нүктесі сферада жатады. Жауабы: Бағалау: Мұғалім тексеріп, смайликпен бағаланады. Жұптық жұмыс №1 Радиусы 13 см шар центрінен:
қашықтықта жазықтықпен қиылған. Қиманың ауданын тап. Бағалау: Оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. Жеке жұмыс https://bilimland.kz сайтынан тест орындау Бағалау: Оқушылар дұрыс жауап арқылы өз-өздерін бағалайды. Үйге тапсырма: Іріктелген тақырыптық есептер жинағы | М М Ж | ||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Мұғалім сабақты қорытындылайды, оқушыларға сабақтағы жұмыстарына сәйкес кері байланысты береді. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: – нені білдім, нені үйрендім........................................................... – нені толық түсінбедім .............................................................. – немен жұмысты жалғастыру қажет .................................... – сабақта ................................................................. қиын болды – ................................................................. менің қолымнан келді – келесі сабақта маған .......................... назар аударуым керек. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?