Сфераға жанама жазықтық. Геометрия, 11 сынып, презентация.
Сфераға жанама жазықтық
Сабақтың мақсаты
сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу;
координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептер шығару;
Бағалау критерийі
сфераға жанама жазықтық жүргізеді;
координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептер шығарады;
Сферамен тек бір ғана ортақ нүктесі бар жазықтық сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтық деп аталады. Ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.
Сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтықтың қасиеті: жанасу нүктесіне жүргізілген сфера радиусы жанасу жазықтығына перпендикуляр.
Сфераның теңдеуі үшөлшемді евклидті кеңістікте келесідей анықталады
(x – a)2 + (y – b)2 + (z + c)2 = R2,
мұндағы R – сфера радиусы, (a; b; c) – сфера центрінің координатасы
Егер сфера центрі координаталар бас нүктесімен беттессе, яғни a = b = c = 0 болса, онда сфера теңдеуі:
x2 + y2 + z2 = R2.
Шар сфераның ішін және оның нүктелер жиынын сипаттайтын болғандықтан, оны келесідей теңсіздікпен беруге болады:
(x – a)2 + (y – b)2 + (z + c)2 ≤ R2.
Центрі арқылы өтетін жазықтық.
Қимасында радиусы шар радиусын тең дөңгелек шығады.
Центрі арқылы өтпейтін жазықтық.
Қимасында радиусы шар радиусынан кіші дөңгелек шығады. d - қимадан центрге дейінгі арақашықтық.
Егер d < R болса, онда сфераны жазықтықпен қимасы шеңбер болады.
Егер d > R болса, онда жазықтықпен қиманың ортақ нүктесі болмайды.
Егер d = R болса, онда жазықтықпен сфераның жалғыз ортақ нүктесі болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?