Сфераға жанама жазықтық. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ № : | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Мерзімі: Мұғалімі: | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Сабақ тақырыбы: Сфераға жанама жазықтық | ||||||||
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін, сабақ мақсаттары: (оқу жоспарына сілтеме) | 11.2.3 сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу; 11.1.4.4 координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептер шығару; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу; координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептер шығару; . | ||||||||
Бағалау критерийі | Оқушылар
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, сыйластық, жауапкершілік, тәрбиелі және саналы азамат қалыптастыру, 21-ғасырға сай коммуникативтілік, белсенділік шеберліктерін арттыру; | ||||||||
Бастапқы білім | Шеңбер, дөңгелек. | ||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар. Мұғалімнің комментариясы | |||||||
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) | Салемдесу. Келмеген оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | ||||||||
Мақсатты құру кезеңі. (3 мин) | -сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу; -координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептер шығару; Бағалау критерийі : Оқушылар
Оқушылар мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбын тұжырымдайды және бағалау критерилерин құрады. | ||||||||
Жаңа материалды меңгеру кезеңі (10 мин) | Сферамен тек бір ғана ортақ нүктесі бар жазықтық сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтық деп аталады. Ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды. Сфераға (шарға) жүргізілген жанама жазықтықтың қасиеті: жанасу нүктесіне жүргізілген сфера радиусы жанасу жазықтығына перпендикуляр. Сфераның теңдеуі үшөлшемді евклидті кеңістікте келесідей анықталады (x – a)2 + (y – b)2 + (z + c)2 = R2, мұндағы R – сфера радиусы, (a; b; c) – сфера центрінің координатасы Егер сфера центрі координаталар бас нүктесімен беттессе, яғни a = b = c = 0 болса, онда сфера теңдеуі: x2 + y2 + z2 = R2. Шар сфераның ішін және оның нүктелер жиынын сипаттайтын болғандықтан, оны келесідей теңсіздікпен беруге болады: (x – a)2 + (y – b)2 + (z + c)2 ≤ R2. | Презентация 1,2,3 слайдтар. | |||||||
Алғашқы алған білімдерін меңгеру кезеңі. ( 10 мин) | Жеке жұмыс Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды. Тақтада дұрыстығын тексереді. 1. Жазықтық сфераға жанасады. Егер сфераның диаметрі 32,8 см-ге тең болса, онда сфераның центрінен жанасу нүктесіне дейінгі қашықтықты тап. Жауабы: см 2. Шарға жанама жазықтық жүргізілген. Жанама жазықтыққа тиісті P нүктесінен шардың центрі O нүктесіне дейінгі арақашықтық 5 см-ге, ал жанама нүктесіне дейінгі арақашықтық 3 см-ге тең. PO түзуінің шар бетімен қиылысқан нүктесінен жанасу нүктесіне дейінгі арақашықтықты тап. 3. Шарға жанама жазықтық жүргізілген. Жанама жазықтыққа тиісті P нүктесінен шардың центрі O нүктесіне дейінгі арақашықтық 10-ға, ал жанама нүктесіне дейінгі арақашықтық 8 см-ге тең. Шар радиусын тап. |
| |||||||
Сергіту сәті (1 мин) | Оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды. | ||||||||
Алған білімдерін бекіту кезеңі. (13 мин) | Жұптық жұмыс 4. Жазықтық сфераға жанасады. Осы жазықтықта жатқан нүктеден сфераның центріне дейінгі қашықтық 41 см-ге, ал жанасу нүктесіне дейінгі қашықтық 40 см-ге тең. Сфераның диаметрін тап. Жауабы: d = см. 5. Диаметрі 40 см-ге тең сфераға жанасатын жазықтықта жатқан нүкте жанасу нүктесінен 15 см қашықтықта орналасқан. Осы нүктеден оған жақын сфераның нүктесіне дейінгі қашықтықты тап. Жауабы: см. 6. Доп бөлменің бұрышында жатыр. Егер доптың диаметрі 25 см-ге тең болса, онда доптың центрінен бұрыштың төбесіне дейінгі қашықтықты тап. Жауабын бүтін санға дейін дөңгелекте. Жауабы: x ≈ см. 7. (x – 2)2 + (y + 4)2 + (z + 3)2 = 16 теңдеуімен берілген сфераның C центрі мен R радиусының координаталарын тап. C (2; –4; –3), R = 4 C (–2; 4; 3), R = 4 C (–2; 4; 3), R = 16 C (2; –4; –3), R = 16 | Бағалау мұғалімнің қадағалауы бойынша жүргізіледі. Бағалау критерилері бойынша оқушылардың өзара бағалануы жүргізіледі. | |||||||
Сабақты қорытындылау кезеңі. Рефлексия. 2 минут | Мұғалім сабақ мақсаттарына және бағалау критерилерине оралады.
Оқушылар рефлексия сұрақтарына жауап береді:
Үй жұмысы 1. Шардың диаметрі 18 см-ге тең. Шардың центрінен жанама жазықтыққа дейінгі арақашықтықты тап. 6 18 36 9 2. Радиусы 9 см болатын сфераның O центрінен M нүктесіне дейінгі арақашықтық 15 см-ге тең. Сфера мен оған жүргізілген жанама MA түзуімен жанасу A нүктесіне дейінгі арақашықтықты тап. 18 см 24 см 12 см 6 см 3. Центрі C (–3; 2; –4) болатын A (3; 5; –2) нүктесі арқылы өтетін сфераның теңдеуін жаз. (x + 3)2 + (y – 2)2 + (z + 4)2 = 9 (x – 3)2 + (y + 2)2 + (z – 4)2 = 49 (x – 3)2 + (y + 2)2 + (z – 4)2 = 9 (x + 3)2 + (y – 2)2 + (z + 4)2 = 49 4. Сфера биіктігі 15 см-ге тең қабырғалы үшбұрыштың жазықтығының центрінде жанасады. Сфераның центрінен үшбұрыштың қабырғасына дейінгі арақашықтық 13 см-ге тең. Сфераның радиусын тап. | ||||||||
Дифференциация – Сіз қалай қолдау көрсетесіз? Дарынды оқушыларға қандай тапсырмаларды беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Дифференциация жеңіл тапсырмадан қиын тапсырмаға көшумен және білім өзектілігі арқылы дарынды оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуімен жүзеге асады. Оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай нәтижелер шығарады. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Топтық жұмыстағы бағалау. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?