Сфераға жүргізілген жанама жазықтық. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША 1
Сабақ тақырыбы: | Сфераға жүргізілген жанама жазықтық. Шар мен сфераны жазықтықпен қиғандағы қималары. |
Сабақ мақсаттары: | - сфераға жанама жазықтықтың қасиетін пайдаланып, шар мен сфераның жазықтықпен қиғандағы қималарына байланысты есептер шығару; |
Бағалау критерийлері: | - сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын тұжырымдайды; - сфераға жанама жазықтықтың қасиетін пайдаланып есептер шығарады; - шар мен сфераның жазықтықпен қималарына байланысты есептер шығара алады; |
Мысал 1
Радиусы 4 болатын шар берілген. Оның бетіндегі бір нүкте арқылы екі жазықтық жүргізілген: біріншісі шарға жанама, екіншісі біріншісіне 30° бұрыш жасайды. Қиманың ауданын тап.
Мысал 2
Қабырғалары см-ге тең тең қабырғалы ұшбұрыштың жазықтығы ұшбұрыштың центрі болатын нүктеде шардың жазықтығымен жанасады. Шардың центрінен ұшбұрыштың қабырғасына дейінгі қашықтық 5 см-ге тең болса, онда шардың радиусын тап.
ҚОСЫМША 2
- Беттерінің ауданы 256π см2-қа тең, сферада жатпайтын нүкте арқылы сферамен жанасатын екі жазықтық жүргізілген. Жазықтықтар арасындағы бұрышы 60°-қа тең. Сфераның центрінен жазықтықтардың қиылысу сызығына дейінгі қашықтықты тап.
- Сфераның биіктігі 15 см-ге тең қабырғалы үшбұрыштың жазықтығының центрінде жанасады. Сфераның центрінен үшбұрыштың қабырғасына дейінгі арақашықтық 13 см-ге тең. Сфераның радиусын тап.
- Сфера және оны жанайтын жазықтық берілген. Жанама жазықтыққа тиісті нүкте және сфераның центрі арқылы жанама жазықтықпен 30° бұрыш жасайтын түзу жүргізілген. Берілген нүктеден жанасу нүктесіне дейінгі арақашықтығы 4√3 тең. Берілген нүктеден сфера бетіне дейінгі 𝑃𝑀 арақашықтықты тап.
- Центрі – 𝑂, радиусы 𝑅 болатын шарды 𝑀 нүктесінде α жазықтығы жанайды. 𝑁 нүктесі 𝛼 жазықтығына жатады.
a) ∠𝑂𝑁𝑀 = 𝛽 болсын. 𝑂𝑁 және 𝑀𝑁-ді тап?
b) 𝑁 нүктесінен шарға дейінгі арақашықтықты тап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?