Сфера, шар және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сфера, шар және оның элементтері
Сабақтың мақсаты
Сфера, шардың анықтамасын білу және оны жазықтықта бейнелей білу;
Бағалау критерийі
сфераның анықтамасын біледі;
шардың анықтамасын біледі;
сфера мен шарды жазықтықта бейнелейді.
Кеңістікте берілген О нүктесімен бірдей R арақашықтықта орналасқан нүктелер жиынын сфера, ал кеңістіктегі сферамен шектелген бөлігін шар деп атаймыз.
Мұндағы О – сфера (шар) центрі, ал R – сфера (шар) радиусы деп аталады.
Шарды қима екі бөлікке бөледі, осы бөліктер шардың сегменті деп аталады.
Шар (сфера) сегментінің биіктігі – сфераны қоса алғандағы шар сегментінің табан жазықтығы перпендикуляр диаметрдің бөлігі.
Дөңгелек секторының центрі арқылы өтетін ось бойымен айналдырғанда пайда болған дене шар секторы деп аталады.
Шар секторы шар сегменті мен конустан тұрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?