Сфера және шар. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспарКелісілді:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналу денелері және олардың элементтері | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | ||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы: | Сфера және шар | ||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 11.1.10 - сфера, шардың анықтамаларын білу; оларды жазықтықта кескіндей алу; 11.2.2 - сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу; 11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару; | ||
Сабақтың оқу мақсаттары | сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу; айналу денелерінің ( шар) элементтерін табуға есептер шығару; | ||
Жетістік критерийлері: | сфера, шардың анықтамаларын білуді, оларды жазықтықта кескіндей алады; сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын біледі; айналу денелерінің ( шар) элементтерін табуға есептер шығарады; | ||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар: - Сфера мен шарды және олардың элементтерін атайды; - айналу денелердің жазбаларын түсіндіреді; - айналу денелерінің қималарының түрлерін түсіндіреді ; Бөлім бойынша лексика мен терминология - бетінің ауданы; - Сфера мен шар радиусы; - Сфера мен шардың қимасы ; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушыларға сфера есептерін шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. -Ашықтық- Құрмет | ||
Пәнаралық байланыстар: | Қазақ тілі, орыс тілі, сызу | ||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint «Сфера және шар 11сынып» | ||
Бастапқы білім | Көпжақтардың және олардың элеметтерін, айналу денелердің, көпжақтардың және айналу денелердің жазбаларының, көпжақтардың және айналу денелерінің комбинацияларының анықтамасын біледі. Көпжақтардың, айналу денелердің элементтерін және жазық фигуралардың аудандарын табуды біледі. |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Сабақ ресурстары |
сабақтың басы 5 минут | 1. Стартер «Өткенге шолу» сұрақ-жауап / 3минут Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру, қызығушылықтарын арттыру. 2. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою / 2 минут | слайд |
сабақтың ортасы 33 минут | Теориялық бөлім Жаңа тақырып / 5 минут Презентация арқылы түсіндіру Мақсаты: сфера мен шардың анықтамасын, элементтерінмен таныстыру; Бағалау: мұғалім кері байланыс береді. «Сфераның мен жазықтықтың өзара орналасуын модельдеу» зерттеу жұмысы Топтық жұмыс / 15 минут Қосымша №1 Мақсаты: Сфераның мен жазықтықтың өзара орналасуын практика арқылы меңгерту. Оқушыларды топқа біріктіреміз. Әрбір топқа сфераның моделін (доп немесе тенниске арналған доп) және жазықтықтар (картон парағы) үлгісін таратамыз. Әр топқа сфераның және жазықтықтың өзара орналасуын модельдеу және олардың орналасуын сферасының радиусы R мен оның центрінен d жазықтығына дейінгі қашықтықтың арасындағы арақатынасына байланысты зерттеуді ұсынамыз. Содан кейін әрбір топ өз нәтижелерін көрсетеді. Оқушылармен бірге алынған қорытындыларды жалпылап және кесте түрінде рәсімдейміз Бағалау: «Бағдаршам» әдісі, оқушылар кері байланыс жасайды. Практикалық бөлім Тақтамен жұмыс / 5 минут Мақсаты: жаңа тақырыпқа есеп шығару дағдыларын жетілдіру; Ұстаз есептің шешімін көрсетеді. Өздік жұмыс / 8 минут Қосымша №2 Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларын орындау арқылы бекіту, қандай білім алғандарын жүйелеу. Алынған білімдерін бекіту үшін оқушыларға жеке тапсырма ұсынылады. Тест немесе ауызша сұрау арқылы қамтылған материалды меңгеру деңгейін алдын-ала анықтап, тапсырмалары бар карточкалары таратылады. Бағалау: Оқушылар шешімдерін дайын жауаппен салыстырып, өзін-өзі бағалайды. Тақырыпты жақсы меңгерген оқушыларға қосымша тапсырма дайындап қоюды ұсынамын. Қосымша №3-4 | Презентация Таратпа қағаздар Балаян Задачи на готовых чертежах 10-11кл Rabinovich_Zad_na_got_chert_10-11 |
сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс /2 минут | слайд |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |
Қабілеті жоғары оқушыларға дәлелдеуге үйге тапсырма беру. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескеру: аудиал, визуал, кинестетик. Оқушылардың когнитивтік стильдерін ескеру: аналитик және синтетик. Оқушылардың дайындық деңгейін ескеру: жоғары, орташа, қолдауды қажет ететіндер оқушыларға көмек көрсету | Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы, сабақтың әр кезеңінде кері байланыс беру, жетістік критерийлерін беру, жетістік критерийлерін құрғызу. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?