Сфера бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3А бөлім: Айналу денелері және олардың элементтері (19 сағат)

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембиева Ш.Г.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сфера бетінің ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.8 - сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

  • сфера бетінің ауданын табу формуласын білу және есептер шығаруда қолдана алу дағдыларын қалыптастыру

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • сфераның беті ауданын табу формуласын біледі және қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

  • айналу денелері және оның элементтерін айту

айналу денелерінің элементтерін табу бойынша пікір жазу

Пәндік лексика мен терминология:

сфераның беті ауданын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бұл шардың көлемін есептеу үшін...

Беті ауданы...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;

- Математикалық ойлауды тереңдету

 Пәнаралық байланыстар

математикадан басқа да білім салаларында кеңінен қолданылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Active Inspire

Бастапқы білім

7-10 сыныпта өтілген геометриялық фигуралар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру:

- Оқушылармен амандасу

- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

3 мин

Ой түрткі:

  • Шар дегеніміз не?
  • Сфера дегеніміз не?
  • Сфераның ауданын табу формуласы?
  • Шар мен сфераның өзгешелігі не?
  • Шар мен сфераға айнала табиғаттан мысалдар келтір.

5+2 мин

Жалпы сыныптық жұмыс

№1-есеп.Диаметрі 12 см болатын шар бетінің ауданын табыңыз.

Берілгені: D = 12 см Шешуі: R = 6 см,

Sш = ?

Жауабы:

№2-есеп. Сфераның ауданы 3,14 дм2. Оның радиусын табыңыз.

Шешуі:

Шыныбеков

Геометрия - 11 сынып

8+2 мин

Топпен жұмыс

№3. Радиусы 10 см болатын футбол добының сыртқы бөлігін тігуге терінің қанша мөлшері қажет? (Тігістерге шардың беткі аймағының 8% қосыңыз.)

Жауабы: 1357 .

№4. Сфералық шар тәріздес баллонның радиусы оған ауа енгізілгенде 7-ден 14 см-ге дейін артады. Екі жағдайдағы баллонның беткі аудандарының қатынасын табыңыз.

Жауабы: 4 : 1.

Бағалау: Карусель әдісімен топтар бірін-бірі тексеріп

бағалайды.

https://shkolkovo.net/catalog/geometriya_v_prostranstve_stereometriya/sfera_i_shar

8+2 мин

Жұппен жұмыс:

№5. Айдың диаметрі жер диаметрінің төрттен біріне тең. Олардың аудандарының қатынасын табыңыз.

Жауабы: 1 : 16.

№ 6. Жарты сфера тәріздес табақша қалыңдығы 0,25 см болаттан жасалынған, табақшаның ішкі радиусы 5 см.Табақшаның сыртқы бетінің ауданын табыңыз (π ≈ 3.14 қолданыңыз).

Жауабы: 346, 185 см2.

Бағалау: Оқушылар орындаған тапсырмаларын «досыңды тексер»-әдісімен тексереді.

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/geometriya/stereometriya/tela-vrasheniya/lesson/sfera-shar

5+1 мин

Жеке жұмыс:

№7-есеп.

Бір доптың диаметрі екінші доптың диаметрінен екі есе үлкен. Екінші допқа қарағанда бірінші допты жасауға қанша материал артық жұмсалды?

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:Осы үш смайлик арқылы оқушылар өздерінің осы сабақта алған білімдерін бағалайды.

----

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу