Сфера бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

11.3А бөлім: Айналу денелері және олардың элементтері

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сфера бетінің ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

11.3.8 - сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

Cфера бетінің ауданын табу формуласын білу және есептер шығаруда қолдана алу дағдыларын қалыптастыру

 Бағалау критерийлері

Cфераның беті ауданын табу формуласын біледі және есептер шығару барысында қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

айналу денелері және оның элементтерін айту

айналу денелерінің элементтерін табу бойынша пікір жазу

Пәндік лексика мен терминология:

сфераның беті ауданын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бұл шардың көлемін есептеу үшін...

Беті ауданы...

 Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді дағдыландырамын. Топтық және жұптық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауда академиялық шынайылық қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика

 АКТ қолдану

  дағдылар

Үй тапсырмасына http://bilimland.kz/ сайтынан есептер бере отырып оқушылардың интернет желісін қолдану білімін дамыту.

Бастапқы білім

Кеңістікте түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын анықтай білу, түзулер мен жазықтықтар арасындағы бұрыштарды табу, қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

I Ұйымдастыру кезеңі (2мин):Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

II. Үй тапсырмасын тексеру(3мин): Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сабақтың ортасы:

15 мин

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы

Жаңа білімді қалыптастыруды ұйымдастыру мұғалімнің бағыт беруі арқылы оқушының өзіндік ойлауы, қорытынды жасауы арқылы жүргізу.

Өтілген сабақты қайталау мақсатында әрбір оқушыға бағытталған лездік сұрақтар беру.

Шар дегеніміз не?

Сфера дегеніміз не?

Сфераның ауданын табу формуласы?

Шар мен сфераның өзгешелігі не?

Шар мен сфераға айнала табиғаттан мысалдар келтір.

Жұптық жұмыс

  • Сфералық баллонның радиусы оған ауа үрлегенде 7-ден 14 см-ге дейін артады. Екі жағдайдағы баллон бетінің ауданының қатынасын табыңыз.
  • Айдың диаметрі Жердің диаметрінің бір бөлігі. Олардың аудандарының қатынасын табыңыз.
  • Жартылай сфералық кесе, қалыңдығы 0,25см болатын болаттан жасалған. Кесенің ішкі радиусы 5см болса, кесенің сыртқы бетінің ауданын табу

Бағалау: Оқушылар орындаған тапсырмаларын «досыңды тексер»-әдісімен тексереді.

Қосымша№1

Презентация

15 мин

Білімді бекіту.

Сфераның ауданы 3,14 дм2. Оның радиусын табыңыз.

Шешуі:

Оқушылардың алған білімін қолдану анықтау мақсатында жеке жұмыс беремін.

№1-есеп.Диаметрі 12 см болатын шар бетінің ауданын табыңыз.

Берілгені: D = 12 см Шешуі: R = 6 см,

Sш = ?

Жауабы:

2. Жарты сфера тәріздес табақша қалыңдығы 0,25 см болаттан жасалынған, табақшаның ішкі радиусы 5 см.Табақшаның сыртқы бетінің ауданын табыңыз (π ≈ 3.14 қолданыңыз).

Жауабы: 346, 185 см2.

№3.

Радиусы 10см болатын футбол добын қаптау үшін қанша метр тері жұмсалады? (Доп бетінің ауданының 8 % -ін тігісін қосу.)

Жауабы: 1357 см2.

Бағалау: Жауаптарын презентация арқылы көрсетіп өздерін бағалатамын.

Шыныбеков

Геометрия - 11 сынып

Қосымша№1

https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/geometriya/stereometriya/tela-vrasheniya/lesson/sfera-shar

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы:

№1. Айдың диаметрі жер диаметрінің төрттен біріне тең. Олардың аудандарының қатынасын табыңыз.

Жауабы: 1 : 16.

№2.

Бір доптың диаметрі екінші доптың диаметрінен екі есе үлкен. Екінші допқа қарағанда бірінші допты жасауға қанша материал артық жұмсалды?

№3. Радиусы 10 см болатын футбол добының сыртқы бөлігін тігуге терінің қанша мөлшері қажет? (Тігістерге шардың беткі аймағының 8% қосыңыз.)

Жауабы: 1357 .

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта берілген ақпараттарды меңгеру сапасын оқушылар стикерлерді алып, өз таңдауына жапсырады:

Қосымша№1

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын.

Әрбір оқушының дәптерін тексеріп бағалаймын және сабақ үстінде ынталандыру мақсатында мадақтау айту арқылы бағалаймын. Мысалы «Жарайсың», «өте жақсы», «керемет» ж.т.б.

Сабақтың бастапқы бөліміндегі ұйымдастыру сәті және сабақтың ортаңғы, соңғы бөлімдеріндегі белсенді іс-әрекеттер барысында оқу кабинетіндегі оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздік техникасының ережелері мұхият сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу