Сфера бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Айналу денелері және олардың элементтері

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сфера бетінің ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.8 - сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар сфера бетінің ауданын табуға есептер шығарады

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

сфераның беті ауданын табу формуласын біледі және қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

  • айналу денелері және оның элементтерін айту

айналу денелерінің элементтерін табу бойынша пікір жазу

Пәндік лексика мен терминология:

сфераның беті ауданын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бұл шардың көлемін есептеу үшін...

Беті ауданы...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;

- Математикалық ойлауды тереңдету

 Пәнаралық байланыстар

Физика, химия, астрономия

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сфера және шар анықтамасы. Сфера қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру:

- Оқушылармен амандасу

- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Оқушыларға келесі ситуацияны ұсыныныз:

“Сіздің футбол доптарын дайындайтын кәсіпорынға тапсырыс түсті. Сізге қанша материал қажеттілігін анықтау үшін келесі формулалардың қайсысын қолданасыз”

Талқылаудан кейін оқушылардан неге сол формуланы таңдағандарын сұраңыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтаңыз.

Оқушылармен бағалау критерилерін талқылаңыз.

  • сфера беті ауданын табу формуласын білу
  • сфера беті ауданын табу формуласын есептер шығаруда қолдану

Презентация

Слайд 1

Сабақтың ортасы

30 минут

  • Топтық жұмыс

Келесі есептерді шығаруды ұсыныныз

1. Шардың үлкен дөңгелегінің ауданы 3-ке тең. Шар бетінің ауданын табыныз.

Бірлесіп шығарудан кейін оқушыларға өз бетімен орындауға келесі есептерді ұсыныныз.

  • Шардың үлкен дөңгелегінің ауданы 41-ке тең. Шар бетінің ауданын табыныз.
  • Шардың үлкен дөңгелегінің ауданы 10-ке тең. Шар бетінің ауданын табыныз.
  • Шардың үлкен дөңгелегінің ауданы 26-ке тең. Шар бетінің ауданын табыныз.

Оқушылар өз бетінше орындайды және дайын жауаппен тексереді.

Осы секілді оқушылар келесі есептерді орындайды.

2. Шар радиусын 2 есе арттырса шар беті неше есе артады?

Өз бетінше:

  • Шар радиусын 45 есе арттырса шар беті неше есе артады?
  • Шар радиусын 16 есе арттырса шар беті неше есе артады?
  • Шар радиусын 1,5 есе арттырса шар беті неше есе артады?

3. Екі шар берілген. Біріншісінің диаметрі екіншісінің диаметрінен 8 есе артық. Бірінші шар бетінің ауданы екінші шар бетінің ауданынан неше есе артық?

4.Радиустары 8 және 4 екі шар берілген. Бірінші шар бетінің ауданы екінші шар бетінің ауданынан неше есе артық?

Өз бетінше:

  • Радиустары 5 және 1 екі шар берілген. Бірінші шар бетінің ауданы екінші шар бетінің ауданынан неше есе артық?
  • Радиустары 3 және 1 екі шар берілген. Бірінші шар бетінің ауданы екінші шар бетінің ауданынан неше есе артық?
  • Радиустары 14 және 2 екі шар берілген. Бірінші шар бетінің ауданы екінші шар бетінің ауданынан неше есе артық?

5. Радиустары 6 және 8 екі шар берілген. Бетінің ауданы берілген шарлар беттерінің аудандарының қосындысына тең болатын шар радиусын табыңыз.

Өз бетінше:

  • Радиустары 21 және 72 екі шар берілген. Бетінің ауданы берілген шарлар беттерінің аудандарының қосындысына тең болатын шар радиусын табыңыз.
  • Радиустары 8 және 15 екі шар берілген. Бетінің ауданы берілген шарлар беттерінің аудандарының қосындысына тең болатын шар радиусын табыңыз.
  • Радиустары 32 және 60 екі шар берілген. Бетінің ауданы берілген шарлар беттерінің аудандарының қосындысына тең болатын шар радиусын табыңыз.

Презентация

Слайд 2-11

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау

Оқушыларға сабақ мақсатына қайта оралып және бағалау критерилері бойынша өз-өздерін бағалауды ұсыныныз.

Өз-өзін бағалау кестесі

Бағалау критерилері

Білемін

Қолдана аламын

Үйренуім қажет

сфераның беті ауданын табу формуласын білу

сфераның беті ауданын табу формуласын есептер шығаруда қолдану

Талқылаудан кейін, оқушыларға үй жұмысын ұсыныныз

Диаметрі 8 метр әуе шарын жасау үшін неше метр квадрат материал қажет?

Қосымша

Үй жұмысы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=59595:sfera-betini-audany-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?