Сфера, шар және олардың элементтері. Геометрия, 11 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Сфера, шар және олардың элементтері.

Оқу мақсаты:

11.1.10 сфера, шардың анықтамаларын білу; жазықтықта кескіндей алу;

Қайталау сұрақтары:

Шеңбер мен дөңгелектің қандай айырмашылығы және ұқсастығы бар?

Радиус, диаметр, хорда, сектор дегеніміз не?

Шеңбер ұзындығы формуласы мен дөңгелек ауданы.

Жарты шеңбер өз диаметрінен айналғанда шығатын фигураны сфера деп атайды.

Жарты дөңгелек өзін шектейтін диаметрден айналғанда шығатын фигураны шар деп атайды

Жаңа ұғымды енгізу:

Сфера шар

Шардың беті – сфера.

Сфераның (шардың) кез келген екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда, ал центрі арқылы өтетін хорданы диаметрі деп атайды.

Жер шар тәріздес. Жердің ең үлкен қимасының шеңбері экватор, ал қалған кіші шеңберлер параллельдер деп аталады. Жарты шеңберлер меридиандар деп аталады.

Шарды(сфераны) жазықтықпен қиғанда пайда болатын кез келген қима дөңгелек(шеңбер) болады. Бұл дөңгелектің(шеңбердің) центрі шардың(сфераның) центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.

Сфераны жазықтықта кескіндей алу:

Сфера мен жазықтықтардың орналасуы:

 

Жаттығулар орындау:

1 Шардың радиусі 8 см - ге, ал қиманың радиусі см - ге тең.

Шардың центрінен қима жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

2 Радиусы 41 дм шар центрінен 9 дмжазықтықпен қиылған.

Қиманың ауданын табыңыздар.

Жеке жұмыс:

№1 ABC үшбұрышының төбелері радиусы 13 см сферада жатыр.

Егер AB=6см, BC=8 см, AC=10 см болса, онда сфераның центрінен

үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтық неге тең?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу