Қиық конус бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
№1 ТОП
Егер шеректің табандарының диаметрі 28см және 20см, ал биіктігі 24 см болса, оның бүйір беті жазбасының өлшемдері қандай болды? Осындай шелекті дайындау үшін қанша квадрат дициметр материал керек (жалғайтын жерін ескермегенде)?
№2 ТОП
Шелектің бүйір бетін дайындауға радиустары 92 см және 65см, ал доғасының бұрыштың шамасы 600 –қа тең материал алынды. Шелектің биіктігі неге тең?
Бағалау критерийлері
№ | Критерий | балл |
1 | Қиық конустың элементтерінің арасындағы байланыс формулаларын қолднанады | 1 |
2 | Шешу барысында дұрыс есептеу жүргізеді | 1 |
3 | Дұрыс шешімін көрсетеді | 1 |
Қосымша 2
№1 Қиық конустың табанының радиусытары 5см және 2см, биіктігі 4см. Бүйір беті жазбасының өлшемдерін (радиусы мен доғаның градустық өлшемін) табыңдар. Қиық конустың үлгісін дайындаңдар. Жауабы: 10/3 см; 25/3см; 2160;
№2 Тік бұрышты трапецияны кіші қабырғасы бойымен айналдырғанда пайда болған қиық конустың толық бетінің ауданың табыңыз, егер трапецияның табандары 13 және 18, ал кіші қабырғасы 12-ге тең болса.
Жауабы: 896π (кв. бірл.).
№3 Қиық конус пішіндес шелектің табаңдарының радиустары 15 см және 10 см, ал жасаушасы 30 см. Егер 1 м2 ауданға 150 г бояу жұмсалатын болса, осындай 100 шелектің ішкі және сыртқы беттерін бояу үшін неше кг бояу керек? ( Шелектер қабырғаларының қалыңдығын есепке алу қажет емес).
Жауабы: 11 кг.
№4 Қабырғалары 14см, 13см, 15см үшбұрыш кіші бұрышының төбесінен және 14см –не тең қабырғасына перпендикуляр осьтен айналғанда шыққан айналу денесі бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: см2;
Дескрипторы
- Қиық конустың сызбасын сызады;
- Элементтерінің арасындағы байланыс есептеу формуласын қолданады;
- Есептеу жүргізеді;
- Жауабын табады;
Қосымша 3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?