Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, презентация.
Сұрақтар
1.Қиық конус дегеніміз не? Қандай фигураны бір қабырғасы арқылы айналдырғанда қиық конусты алуға болады?
2.Қиық конустың элементтерін атаңыз?
3.Қиық конустың жазбасы қандай болады?
4.Қиық конустың бүйір бетінің ауданы деп нені айтамыз?
5.Қиық конустың толық беті ауданы деп нені айтамыз?
6.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?
Сабақтың тақырыбы:
Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары.
Сабақтың мақсаты:
қиық конустың бүйір беті ауданыныңформуласын қорытып шығару;
қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығару;
көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасау.
Теорема
Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табан шеңберлерінің қосындысының жартысы мен жасаушының көбейтіндісіне тең
Жұптық жұмыс
Қиық конусқа іштей сызылған дұрыс көпбұышты пирамида салыңыздар яғни табандары дөңгелекке іштей сызылған дұрыс көпбұрыштар болатын;
Дұыс көпбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы формуласын жазыңыздар;
Мұндағы Р-үлкен табанының периметрі, р-кіші табанының периметрі
Егер көпбұрышты дұрыс қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы қиық конустың бүйір бетінің ауданына ұмтылса, онда периметрлері мен биіктігі қайда ұмтылады?
Қиық коустың бүйір беті ауданының формуласын жазыңыздар;
Алдыңғы формулаларды қолданып қиық конустың толық беті ауданының формуласын жазыңыздар.
Бағалау критерийлері
қиық қонустың бүйір беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасайды.
Есеп
Тікбұрышты трапецияның кіші бүйір қабырғасынан айландырғанда пайда болған қиық конустың бүйір беті мен толық бетінің аудандарын табыңыз. Егер трапецияның табандарының өлшемі сәйкесінше 3 см, 5 см және биіктігі 6 см болса.
Жауабы:
Жұптық жұмыс
Тік бұрышты параллелепипедтің, төртбұрышты пирамиданың, дұрыс конустың және қиық конустың жазбаларын салу
№1
Жеке жұмыстың жауаптары1.
2.
Ауызша есеп
1. Суретте көрсетілген жазбалардың қайсысы пирамида жазбасы болады? Неге? Пирамиданың қанша жазбасын көрсетуге болады ?
2. Суретте көрсетілген жазбалардың қайсысы призма жазбасы болады? Призманың қанша жазбасын көрсетуге болады ? Призмалар қандай?
Рефлексия
қиық қонустың бүйір беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?