Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Айналу денелері және оның элементтері

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бухарбекова Б.Т.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Мақсаты 11.3.7 - қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану.

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу.

 Сабақ мақсаттары

  • қиық конустың бүйір беті ауданыныңформуласын қорытып шығару;
  • қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығару;
  • көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасау.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • қиық қонустың бүйір беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
  • қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
  • көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

айналу денелерінің элементтерін айырады және атай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

төбесі, қыры,жасаушы, қимасы, осьтік қимасы, конус, табаны, т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

төбесінде n жасаушылары бірігеді, жанама жазықтық, конусты жазықтықпен қиғандағы қимасы, т.б.

Құндылықтарды дарыту

  • оқушыларды өзін-өзі және топты бағалату арқылы азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;
  • топтық және жұптық жұмыстарда проблемалық сұрақтарды талдата отырып ашықтыққа тәрбиелеу;
  • өз бетімен жеке жұмыс жасату арқылы өмір бойы білім алуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

Бастапқы білім

Қиық конустың анықтамасы, элементтері, қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру, талдау.

Өткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамыз.

1.Қиық коустың бүйір бетінің ауданы неге тең?

2.Қиық конустың толық бетінің ауданы формуласы қалай жазылады?

3.Қиық конустың жазбасы қандай фигуралардан тұрады?

4.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?

Слайд 1

Сабақтың ортасы

25 минут

Оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін бағалау критерийі қандай болатындығы анықталады.

Жеке жұмыс-оқушылар қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандарын табуға есептер шығарады. Есептер шығармас бұрын, бір-бірін бағалау үшін есепті шығарудың дескрипторын бірлесіп құрады.

1. Есеп шартына сай сызбасы сызылған;

2. Нені табу керектігі анықталған;

3. Қажетті элементті табу тәсілі таңдаған;

4. Есептреу орындалған

5. Жауабы дұрыс табылған.

1. Қиық конустың остік қмасының ауданы 84 , ал табандарының радиустары 1 және 6 см. Конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: 91

2. Егер қиық конустың биіктігі 3 см, ал үстіңгі және астынғы табандарының диаметрлері сәйкесінше 12 см және 20 см-ге тең болса, осы қиық конустың жасаушысын, бүйір және толық беттері аудандарын табыңыз.

Жауабы: 5см, 80, 216

3. Конустың бүйір бетінің ауданы 80 см2. Конустың биіктігінің ортасы арқылы биіктікке перпендикуляр жазықтық жүргізілген. Пайда болған қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: 60

4. Радиусы оснований усеченного конуса – 6 м и 14 м, а площадь полной поверхности равна 572 π м2. Найди образующую усеченного конуса.

Жауабы: 17 м

5. Қиық конустың табандарының радиустары сәйкесінше 7 см және  2 см. Егер конустың жасаушысы үлкен табаны жазықтығымен 45°бұрыш жасайтын болса, онда қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: 45

6.Қиық конустың табандарының радиусы – 12 см және 6 см, ал жасаушысы  8 см. Қиық конустың толық бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: 324

Слайт 5

Қосымша 1

5 минут

Бағалау: оқушылар есептерге құрылған дескриптор және ұсынылған дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі бағалайды.

Слайт 6

Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар сабақтың бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалайды

  • қиық қонустың бүйір беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
  • қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығарады;
  • көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасайды.

Үй тапсырмасы:

1. Қиық конустың бүйір бетінің ауданы 208 π см2, жасаушасы-13 см, ал биіктігі-5 см болса, онда оның табандарының радиусын табыңыз.

Жауабы: 2 см; 14 см.

2. Егер қиық конустың табандарының аудандары 16 π м2 және 36 π м2 , ал остік қимасының ауданы 50 м2 болса, онда оның бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: 10 см2

Слайт 7

Қосымша 2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу