Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар.
Сабақ: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналу денелері және олардың элементтері | Мектеп: Атырау қаласындағы НЗМ | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | ||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.7 - қиық конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану 11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - қиық конус және олардың элементтерінің анықтамасын білу; - қиық конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану; - айналу денелерінің жазбаларын жасай білу; | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - қиық конус және олардың элементтерінің анықтамасын біледі; - қиық конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолданады; - айналу денелерінің жазбаларын жасай біледі; | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - айналу денелері және олардың элементтерін атайды; - айналу денелерінің элементтерін табуын түсіндіреді; - айналу денелерінің жазбаларын сипаттайды; | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу. Академиялық адалдық: Бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар бұл тақырыпта алған білімдерін архитектурада, түрлі жағдайдағы сызба жұмыстарында қолдана алады. | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Айналу денелерін және олардың жазбаларын салуда GeoGebra бағдарламасын пайдалану. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын ажырата алады; түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты және жазықтықтардың арасындағы бұрышты анықтайды; көпжақтар туралы түсініктері бар; қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын меңгеру. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | І. Ұйымдастыру: Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Коллаборативті орта қалыптастыру. Үй тапсырмасын тексеру |
| |||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 8 минут 7 минут 2 минут 8 минут 1 минут | ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табандарындағы шеңберлердің ұзындықтарының жарым қосындысының оның жасаушысына көбейтіндісіне тең; Қиық конустың толық бетінің ауданы бүйір бетінің ауданы мен табандарының аудандарының қосындысына тең. Жалпы сыныптық жұмыс Осы алған теориялық түсініктерін қолдану №1. Табандарының радиустары 3 см және 6 см, ал биіктігі 4 см қиық конустың жасаушысын есептеп табыңдар. Берілгені: қиық конус BO=3 см , AO1=6 см, OO1=4см Табу керек: АВ. Шешуі: Қиық конустың өстік қимасын ABCD қарастырамыз; BC=2OB=6 см, AD=2OA=12 см,
CD= Жауабы: жасаушы 5 см. №2. Қиық конустың табандарының радиустары 5 см және 11 см, ал оның жасаушысы 10 см. а) Қиық конустың биіктігін; б) өстік қимасының ауданын табыңдар. Жауабы: а) 8 см ; б) 128 см2. №3. ABCD трапециясында , , BC=4 см, CD= см. Трапецияны АВ қабырғасынан айналдырғанда шыққан қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын есептеп табыңдар. Жауабы: см2; см2. Талдау, кері байланыс беру. Жұптық жұмыс Бүгінгі мақсаттарға жету барысында жұпта бір – біріне түсіндіре отырып тапсырма орындауды ұсыныңыз. №1. Шелек табандарының радиустары 15 см және 10 см, ал жасаушысы 30 см болатын қиық конус пішінді. Егер 1 см2 ауданға 150 г бояу жұмсалатын болса, осындай 100 шелектің ішкі және сыртқы беттерін бояу үшін неше килограмм бояу керек (шелектің қалыңдығы есепке алынбайды). Жауабы: 8,011 кг. №2. Қиық конустың өстік қимасының диагональдары өзара перпендикуляр. Өстік қиманың бір табаны 40 см, ал оның ауданы 36 дм2. Қиық конустың бүйір және толық беттерінің аудандарын есептеп табыңдар. Жауабы: 12; дм2. Бағалау. Дайын дескрипторлар арқылы жұптар арасында өзара бағалау ұйымдастырыңыз. Кері байланыс беру. Жеке жұмыс №1. Қиық конустың жасаушысы L конустың төменгі табан жазықтығымен бұрышын жасайды және жоғарғы табанының ұшы мен оған қарсы жатқан төменгі табанының ұшын қосатын түзуге перпендикуляр. Қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: №2. Қиық конустың биіктігі 18 см, ал табандарының радиустары сәйкесінше 5 см, 11 см. Биіктігі табандарына параллель екі жазықтықпен тең үш бөлікке бөлінген. Сонда пайда болған ортадағы бөліктің ауданын табыңдар. Жауабы: 385 Бағалау. Дайын дескрипторлар арқылы өзін – өзі бағалауды ұйымдастырыңыз. Кері байланысты мұғалім береді. | Л.С.Атанасян Геометрия 10-11 сынып 1998 ж. Рауан баспасы Тренажер по математике И.П.Рустюмова | |||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Үй тапсырмасы: Қиық конустың табандарының радиустары сәйкесінше 9 см, 24 см. Өстік қимасының диагональдарының қиылысу нүктесінен жасаушысы 600 бұрышпен көрінеді. Қиық конустың бүйір бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: Рефлексия жазу.
| ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Көз жаттығулары. Сергіту сәттері Қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?