Қиық конус және оның элементтері.. Қиық конус жазбасы, бүйір беті мен толық бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Тоқсан I тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3А бөлім:Айналу денелері және олардың элементтері

Атырау қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қиық конус және оның элементтері.. Қиық конус жазбасы, бүйір беті мен толық бетінің ауданы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.9. Қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; қиық конусты жазықтықта бейнелей білу

11.3.5. айналу денелерінің элементтерін (цилиндр, конус, қиық конус, шар) табу есептерін шешеді

 Сабақ мақсаттары

Қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; қиық конусты жазықтықта бейнелей білу және айналу денелерінің элементтерін (цилиндр, конус, қиық конус, шар) табу есептерін шеше білу;

 Бағалау критерийлері

Қиық конустың анықтамасын біледі;

Қиық конустың эоемерттерін біледі;

Қиық конусты жазықтықта бейнелей біледі;

Айналу денелерінің элементтерін (цилиндр, конус, қиық конус, шар) таба алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаттары:

Оқушылар:

- айналу денелерді және олардың элементтерін атайды;

- айналу денелердің элементтерін табуын түсіндіреді;

- айналу денелерінің жазбаларын сипаттайды;

- айналу денелерінің қималарының түрлерін түсіндіреді.

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

- цилинр; конус, конустық бет;

- цилиндрлық бет; цилиндрдің жасаушысы;

- конустың жасаушысы; қиық конус;

- цилиндрдің бүйір/толық беті ;

- конустың бүйір/толық беті;

- цилиндрдің/ конустың айналу осі;

-цилиндрдің/конустың осьтік қимасы;

- айналу денелерінің жазбалары;  сфераның/шардың диаметрлік қимасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

цилиндрдің жазбасы...болын табылады;

- конустың жазбасы .... болып табылады;

- цилиндрді ... айналу арқылы алуға болады;

- конусты ... айналу арқылы алуға болады;

- шарды...айналу арқылы алуға болады;

- берілген жазық фигура, ... жазбасы болып табылады;

- ...осьтік қимасы ... болып табылады;

- ...өтетін жазықтыкпен ... кимасы ... болып табылады.

 Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Тәрбиелік мағына

 «Мәңгілік ел»

Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл бөлімде алған білім кеңістікте ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осы бөлімдегі алған білімдері архитектурада, құрылыста кеңінен қолданыс табады, өйткені кеңістікте фигураларды кескіндеуде, модельдеуде, құрастыруда тәжірибелік дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.

 АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту.

Бастапқы білім

Оқушылар кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын ажырата алады; түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты және жазықтықтардың арасындағы бұрышты анықтайды; көпжақтар туралы түсініктері бар; қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын меңгеру.

Сабақтың түрі

Жаңа ұғымды меңгерту сабағы

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

1-сабақ.

Сабақтың басы 2минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Ресурстар

3 минут

10 минут

7 минут

1 минут

15 минут

І. «Ой қозғау»

Конустың анықтамасы, элементтері, жазбасы, қималары бетінің ауданы

ІІ. Жаңа ұғымды ұғындыру:

Қиық конус дегеніміз - конустың табаны мен осы табанға параллель  жазықтықпен қиылып шектелген бөлігі.

Конусты қандай да бір жазықтық қиғанда пайда болған дөңгелек пен оның табанын қиық конустың табандары, ал олардың центрлерін қосатын кесіндіні биіктігі (H ) деп атайды.

Табандарын қосып, канондық бетті құрайтын кесінділерді қиық конустың жасаушысы (l ) деп атайды.

Қиық конустың барлық жасаушылары тең.

Табандарының радиусы қиық конустың радиустары болады .

r – жоғарғы табанының радиусы, R – төменгі табанының радиусы

Табандарын қосып, канондық бетті құрайтын кесінділерді қиық конустың жасаушысы (l ) деп атайды.

ІІІ. Осы тақырып бойынша білімін бекіту үшін келесі тапсырмаларды ұсыныңыз

№1

Қиық конустың табан радиустары 3 м және 6 м, жасаушысы табанына 450 бұрышпен көлбеген. Қиық клнустың биіктігін табыңыз.

Жауабы. 3 м

№2

Қиық конустың үлкен табанының радиусы , жасаушысы мен биіктігі сәйкесінше 7 см, 5 см , 4 см. Қиық конустың осьтік қимасының ауданын табыңыз.

Жауабы: 44 см2

№3

Қиық конустың радиустары R және r . Оның жасаушысы үлкен табанына бұрыш жасайды. Қиық конустың осьтік қимасының ауданын анықтаңыз.

Жауабы:

Кері байланыс . Бағалау.

IV. Жұппен жұмыс:

11.3.5. айналу денелерінің элементтерін (цилиндр, конус, қиық конус, шар) табу есептерін шешеді ;

№1

Цилиндрдің табан дөңгелегінің ұзындығы см, ал осьтік қимасының диагоналі 17 см. Цилиндрдің жасаушысын табыңыз.

Жауабы: 15 см

№2

Цилиндрдің биіктігі 16 см. Цилиндр осінен 6 см қашықтықта квадрат пішіндес және цилиндр осінен параллель қима дүргізілген. Цилиндр радиусын есептеңіз.

Жауабы: 10 см

№3

Конустың осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы . Осьтік қимасының периметрі 2Р. Конустың биіктігін есптеңіз.

Жауабы:

№ 4

А, В,С нүктелері радиусы 25 см сфераға тиісті. Осы нүктелерді қосатын хордалар АВ= 40см,, AC = 32 см, BC = 24 см болса, сфера центрінен АВС жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

Жауабы: 15 см

№5

Шарды оның центрінен 6 см қашықтықта жазықтық қиып өтеді. Қиманың ауданы . Шардың радиусын есептеңіз.

Жауабы: 10 см

Кері байланыс . Бағалау.

Оқу жоспары

11 сынып

Учебник Геометрия,10-11 класс, Атанасян Л.С. Москва 2013

https://slovo.ws/urok/geometr/10/007/162.html

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/qiyq-konus-zhane-onyng-ehlementteri-qiyq-konustyng-zhazbasy-bujir-zhane-tolyq-betterining-audandary--14657?mid=

http://online.anyflip.com/qmwb/rpop/mobile/index.html#p=37

http://online.anyflip.com/qmwb/rpop/mobile/index.html#p=37

Сабақтың соңы

2 минут

Үй жұмысы:

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут)

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта... білдім
  • … үйрендім
  • … қиындық ттуындады
  • … әлі де жұмыстануым керек
  • … маған қызық болды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды.. Олар бір –біріне көмек көрсету арқылы есептерді бірлесіп шығарады. Ал баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұранамын

 Оқушылар бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

 

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады

Сабақта интербелсенді тақтаны уақтылы қолдану.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуғанеықпалетеалады (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет?

[attachment=59511:geometrija-11-kl-_-iy-konus-zhne-ony-jelementteri_-iy-konus-zhazbasy-bjir-beti-men-toly-betini-audany_-saba-zhospary-izteleuova-g_d.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?