Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы

Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің ауданы.

Сабақтың мақсаты

- қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу

- қиық конусты жазықтықта бейнелей білу

- қиық конустың бүйір және толық бетінің ауданы формулаларын есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

- қиық конустың анықтамасын тұжырымдайды, оның элементтерін таба алады

- қиық конусты жазықтықта бейнелей алады

- қиық конустың бүйір және толық бетінің ауданы формулаларын есептер шығаруда қолдана алады

Қиық конус

  Төбесі  S ,   табанының радиусы   r , биіктігі  h және осі  SO болатын конусты қарастырайық. Конустың табаны жатқан жазықтықты α деп белгілейік. Конустың S төбесінен қашықтықта табан жазықтығына параллель  β жазықтығы радиусы  r1 центрі  O1 нүктесі болатын дөңгелек қияды  (сурет 1).

Сурет 1

        SOA және  SO1A1 тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығынан   r1 радиусын белгілі  r, h және h1 арқылы өрнектейміз. Сонда

      Сонымен, β жазықтығы конусты екі бөлікке бөледі: бір бөлігі осі SO1 табан радиусы  r1 болатын конус, ал содай ақ екінші бөлігі , қиық конус деп аталады. (сурет 2).

Сурет 2.

     Табаны мен табанына параллель қиманың арасындағы конустың бөлігін қиық конус деп атайды.

Конусты қандай да бір жазықтық қиғанда пайда болған дөңгелек пен оның табанын қиық конустың табандары, ал олардың центрлерін қосатын кесіндіні биіктігі (Н) деп атайды.

Мұнда Н биіктігі O1О-ге тең.

Көрсетілген суретте қиық конус биіктігі h – h1-ге тең.

Табандарының радиусы қиық конустың радиустары болады.

r1 – жоғарғы табанының радиусы, r – төменгі табанының радиусы.

Табандарын қосып, канондық бетті құрайтын кесінділерді қиық конустың жасаушысы (l ) деп атайды. Мысалы мұндағы сурет 2-де қиық конус жасаушыларының бірі AA1 болады

Қиық конустың барлық жасаушылары тең.

Оқушыларға сұрақ:

  • Неліктен қиық конус айналу денесі деп аталады?
  • Қиық конусты алу үшін қандай фигураны айналдыру керек?
  • Бұл фигураның қай элементі арқылы айналдыру керек?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу