Қиық конус бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Умирбеков Марат Сағынбекұлы

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қиық конус бетінің ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.7 қиық конустың бүйір және толық бетінің ауданы формулаларын есеп шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • қиық конусты таниды және элементтерін атап айта алады; конустың қималарын анықтай алады және салады;
  • қиық конустың белгісіз элементтерінің мәндерін формуланы қолданып таба алады;
  • қиық конустың бет аудандары есептерін шығара алады

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Қиық конусты таниды, элементтерін айта алады және сызбасын салады;
  • Қиық конустың қималарын анықтайды және қасиеттерін зерттейді;
  • Қиық конустың және оның элементтерімен байланысты есептерді шығара алады;
  • Қиық конустың бүйір және толық бет аудандарының есептерін шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

айналу денелерінің элементтерін айырады және атай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

төбесі, қыры,жасаушы, қимасы, осьтік қимасы, конус, табаны, т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

төбесінде n жасаушылары бірігеді, жанама жазықтық, конусты жазықтықпен қиғандағы қимасы, т.б.

Құндылықтарды дарыту

  • оқушыларды өзін-өзі және топты бағалату арқылы азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;
  • топтық және жұптық жұмыстарда проблемалық сұрақтарды талдата отырып ашықтыққа тәрбиелеу;
  • өз бетімен жеке жұмыс жасату арқылы өмір бойы білім алуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Архитектура, математикадағы координаталар әдісі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Планиметрия фигуралары мен олардың қасиеттері. Айналу денелері. Конус пен оның бет ауданының формулалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

20 минут

20 минут

 Сабақ оқушыларды презентацияда қиық конуспен таныстыру мен қайталаудан басталады: Урок начинается с ознакомления и повторения учащихся на презентации с усеченным конусом:

 Қиық конусты архитектуралық құрылыс нысаны

 Қиық конустың негізгі элементтері

 Қиық конус қималары

 Қиық конустың бүйір және толық бетінің аудандарының формулалары

 Одан кейін, мұғалімнің көмегімен конусқа және қиық конусқа әр – түрлі 10 есеп қарастырылады.

Презентацияның

1-9 слайдтары

Презентацияның

10-22 слайдтары

Сабақтың ортасы

20 минут

17 минут

 Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа карточкадан таратады. Карточкада, екі есеп, – біріншісі конус, екіншісі қиық конус бет ауданына берілген. Оқуышыларға мұғалім үлестірген плакатқа сызбасын сызып, есептерін шығарып, өз жұмысын сынып алдында ауызша қорғауы қажет. Оқушылар бір – бірін қол шапалақ арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім екі нұсқадағы қалыптастырушы бағалау есептері бар карточкалар таратады. Оқушының оқу мақсатына деген жетістігі уақытпен бағаланады. Берілген 2 есебін сызбасымен, дұрыс әрі 15 минут ішінде шығарған оқушы оқу мақсатына жеткен болып есептеледі.

Қосымша 1

Үлестірмелі материал

Қосымша 2

Үлестірмелі материал

Сабақтың соңы

3 минут

Мұғалім сабақ тақырыбы бойынша ашық сұрақтар қою арқылы оқушыларды ауызша бағалап, сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім карточкадағы үй жұмысын таратады.

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу