Конус және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Конус және оның элементтері | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: : | |||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу; 11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару; | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: айналу денесі конусты таниды, олардың түрлері мен олардың элементтерін таба алады, конусты жазықтықта кескіндей алады; айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығара алады;
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы: Пәнге тән лексика мен терминология: Конус, Қиық конус, Конустың төбесі, Конустың жасаушысы, Конустың табаны , радиусы, айналу денесі, ось, жазба, Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Конустың табанының ауданын... Конустың биіктігін... Конустың жасаушысын... Осьтік қимасы....... Жасаушы мен табан жазықтық арасындағы бұрыш.. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады.Оқушылар есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Академиялық шыншылдыққа, ынтымақтастыққа баулу. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, химия, графика және проектілеу. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары, geogebra бағдарламасында сурет салу дағдылары дамытылады. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Планиметрия курсындағы геометриялық фигуралар, тікбұрышты үшбұрыш, шеңбер. Толық, бүйір бетінің аудандарын есептеу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||
5 мин | Өткен сабақты еске түсіру, «Елестету» 1.STARTER Қарағайлы орман мен конус сөзінің қандай байланысы бар? Конус сөзінің мағынасы туралы әңгіме (2мин) Алдын- ала берілген тапсырма бойынша оқушылар даярлаған материалдарды көріп, талдау Презентация (3мин)
| Циркуль, сызғыш, өлшемді лента, А4 парақ қағаздар, интерактивті тақта | ||||
20 мин | Қызығушылықты арттыру: Топта жұмыс: « Конусты қандай фигураларды қалай айналдыру арқылы жасауға болады?» (3 мин) Мағынаны ажырату: 1.Топ жұмыстарын қорғау. 2. Парақ қағазды екіге бөліп, бір жағына: «Конустың қандай элементтері бар және олар қалай аталады» өз ойларын жазу (2мин) 3. Теориялық материалды оқу. Қосымша №1 Электронды оқулықты пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру. Анықтама: Конус – тікбұрышты үшбұрышты оның катеттерінің бірін қамтитын түзу сызық бойымен айналдырғанда пайда болатын дене Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен басқа ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады. Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп аталады. Конустың жазбасы және бетінің ауданы (4мин) 4. Бекіту сұрақтары: Қосымша №2
(2мин) Ой толғаныс: Қосымша №3 Есептер шығару (9мин) Айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару. Қосымша №3 Жұптық жұмыс: (білу және түсіну, қолдану) «Ойлан –жұптас»-әдісін пайдаланып, ЖАДА орнату. Тапсырма 1. Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығына бұрышпен көлбеген. Конустың биіктігін табыңыз. Тапсырма 2. Конус биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз. Тапсырма 3. Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз. Тапсырма 4. Хеллоуин мерекесіне арналған кешке конус тәрізді М өлшемді 10 қалпақ дайындауға тапсырыс беріледі. Егер қалпақтардың биіктігі 30см және «жиегінің» диаметрі 25см болса, тапсырысты орындау үшін қанша материал керек? | https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/stereometriya/ai-nalu-deneleri/lesson/konus Қосымша №2 | ||||
10 мин | Қалыптастырушы бағалау. (5мин) Қосымша №4 Тапсырма 1. Биіктігі h = 4 және табанының радиусы r = 3 болатын конус бетінің толық ауданын есептеңіз. Тапсырма 2. Конустың жасаушысы 2см-ге тең, ал осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы 1200. Конус табанының ауданын табыңыз. Тапсырма 3. Радиусы 4 см тең конустың остік қимасының ауданын табыңыз. .
Қосымша №5 Оқушыларды Кахут бағдарламасына арқылы балалардың ойлау дағдысын қалыптасытыру. https://play.kahoot.it/#/k/dee09757-2e47-4759-981a-91ad141f8b8f | Қосымша №3 https://play.kahoot.it/#/k/dee09757-2e47-4759-981a-91ad141f8b8f | ||||
5 мин | Сабақты қорытындылыу. Кез-келген киіз үйдің керегесінің ұзындын табу үшін ... Кері байланыс жүргізу. Рефлексия парақшалары Үйге тапсырма. Қосымша №6 | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Кеңістікті дұрыс қабылдау, дұрыс бейнелеуді қадағалау, көмектесу. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Конус түрлерін зерттеу. «Қауіпсіз аймақ» туралы қосымша. Appendix IVB
| Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? 1.Жауаптарын тыңдау арқылы. 2. Формативті бағалау | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Тарих, география, бейнелеу, архитектурамен байланыс. Топ ережесін сақтау. Интерактивті тақтаны шектеулі қолдану. | ||||
Рефлексия -Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? -Бүгін оқушылар нені үйренді? -Оқыту ортасы қандай болды? -Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? - Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? -Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Қосымша материалдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?