Конустың жазбасы, конустың бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

11.3А бөлім: Айналу денелері және олардың элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Конустың жазбасы, конустың бүйір және толық бетінің аудандары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар: көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алады;

конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын біледі;

конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қолданып есептер шығара алады;

Бағалау критерийлері

көпжақтар жазбаларын жасай алады;

айналу денелерінің жазбаларын жасай алады;

конустың бүйір беті аудандары формулаларын біледі, қолданады;

конустың толық беті аудандары формулаларын біледі, қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- көпжақтар жазбаларын жасай алады;

-айналу денелерінің жазбаларын жасай алады;

-конустың бүйір беті аудандары формулаларын біледі;

-конустың толық беті аудандары формулаларын біледі;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- көпжақтар;

- айналу денелері;

- конустың бүйір/толық беті;

- конустың айналу осі;

- конустың осьтік қимасы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- конустың жазбасы .... болып табылады;

- конустың ... айналу арқылы алуға болады;

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық: бұл сабақ барысында оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, жаңа білімді меңгеруде өздігінен оқуға үйренеді, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады.

Пәнаралық байланыстар

Сызу,

АКТ қолдану дағдылары

Презентация , bilimland.kz

Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Көпжақтардың (пирамида, призма және олардың түрлері) бүйір және толық беттері

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минут

3 минут

10 минут

5 минут

10минут

8 минут

Оқушылармен амандасу

Оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатын анықтау

Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Стартер

Мақсаты: Оқушылардың елестету, кеністікті жазықтықта көру дағдысын анықтау

Геометриялық денелерді жазбаларымен сәйкестендіріңіздер.

Оқушылар берілген геометриялық денелердің, конустан басқа, жазбаларын біледі. Конус пен оның жазбасы сәйкестендірілмей қалады.

Практикалық жұмыс

Мақсаты: Оқушыларда салу дағдысын қалыптастыру

Оқушыларға конустың жазбасын дәптерлеріне салады.

Талқылау сұрақтары:

Мақсаты: Өз ойын жеткізу, математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

  • конустың бүйір бетінің жазбасы нені береді?
  • жазбасының ауданың қалай есептейміз?

Қорытынды жасап, конустың бүйір және толық беттерінің аудандарының формулаларын енгізіңіз.

Материалды бекіту тапсырмасы

Мақсаты: Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін анықтау.

1-сурет.

  • Суреттегі дөңгелектің бөлігі конустың бүйір бетінің жазбасы бола ма?

 

 

 

 Топпен жұмыс.

 Оқушылар тапсырманы аяқтаған соң өзара бірлесіп бағалау критерийлерін құрастырады, топтар сол критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.

1-топ.

 Конустың биіктігі құрайды, ал табан радиусы - . Конустың бүйір бетінің ауданың және толық бетінің ауданың табыңыз ( пайдаланыңыз).

 Жауабы: ;

 2-топ.

 Конустың осьтік қимасының ауданы , ал биіктігі мен жасаушысы арасындағы бұрышы -қа тең.Конустың толық бетінің ауданың табыңыз.

 Жауабы: (кв.бірл.).

 3-топ.

 Конус тәрізді жүгері собығының (суретті қараңыз) ең енді табан радиусы , ал ұзындығы (биіктігі) - -ге тең. Егер собықтың әрбір бетінде орташа астық бар болса,онда сіз бүкіл собықта қанша дәндер таба аласыз.

 

Жауабы: 531.

 4-топ.

 Конус тәріздес шатырдың биіктігі 5 м, оның табан радиусы - 12 м.

 (і) шатырдың жасаушысын;

 (іі) егер материалдың шаршы метрінің құны 500 теңгені құраса, шатыр дайындауға қажетті материалдың құнын табыңыз.

 

 Жауабы: (і) 13м; (іі) ≈244920 тг.

 5-топ.

 Мұнараның конус тәрізді шатыр төбесінің диаметрі 6 м және биіктігі 2 м. Тікбұрышты жабынғыш өлшемі 0,7 м х 1,4 м және қайырылуы мен тігісіне 10 % қоса есептегенде, бұл шатырды жабу үшін қанша жабынғыш қажет?

 Жауабы: 39.

Үйге тапсырма:

 

 

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/czilindr-zhane-onyng-ehlementteri-czilindrding-zhajmasy-bujir-zhane-tolyq-betterining-audany--14655?mid=978e2800-1cd1-11ea-84fd-a3033339c39a

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/konus-zhane-onyng-ehlementteri-konustyng-zhajmasy-bujir-zhane-tolyq-betterining-audany--14656?mid=64bb0d00-262f-11ea-a075-27d9140b9c8c

Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық. / Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков, Р.Н. Жұмабаев, С.С. Маделханов. – Алматы: Атамұра, 2020. – 176 бет.

Э.Н.Балаян

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау:

Рефлексия:

-Тақырыптар бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар

- Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.

-Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендерің

болса еттартқышқа салыңыздар.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу